2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде сауда залына, арнайы жабдықталған қоймаға (қару-жарақ бөлмелерінде) қоюға тыйым салынады.
5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға берілген лицензия азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату үшін құрылған заңды тұлғалардың филиалдарын ашуға құқық бермейді.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға лицензиялары бар заңды тұлғалардың оларды осы Заңның 12-бабында көрсетілген субъектілерден иемденіп алуға құқығы бар.
23-бап. Қаруды сату немесе беру
1. Осы Заңға сәйкес қару иемденіп алуға құқығы бар субъектілер өздері заңды негізде иеленіп отырған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, азаматтық және қызметтік қару сатуға лицензиясы бар заңды тұлғаларға сата алады.
2. 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері заңды негізде меншік құқығында иеленіп отырған қаруды оларға сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат берген ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, азаматтық және қызметтік қарумен сауда жасауға немесе қаруды коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға, сондай-ақ қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарында қару қайта тіркелгеннен кейін қаруды сатып алуға рұқсаты бар азаматтарға иеліктен шығаруға құқығы бар.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Осы Заңның 12-бабының 2) - 8) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды иеленуге рұқсаты бар субъектілерге бере алады.
24-бап. Қаруды марапаттап беру
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтары алған қару марапаттық қару болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттер үкіметтерінің басшылары мен мүшелерінің марапаттау құжаттары негізінде марапаттық қару алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтарына марапаттық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсатты қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган береді.
Түйдектете атуға мүмкіндік беретін, сыйымдылығы 10 патроннан асатын оқжатары (барабаны) бар, сондай-ақ осы Заңмен Қазақстан Республикасы аумағында айналымға тыйым салынған қару марапаттық қаруға жатпайды.
2. Марапаттық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда аталған қару ішкі істер органына өткізіледі.
3. Марапаттық қару ішкі істер органдары қаруды тиісінше қайта тіркеп, қайта жасағаннан кейін сақтау үшін мұражайларға берілуі мүмкін.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-бап. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган беретін қорытындының негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
3. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңның талаптары ескеріле отырып, iшкi iстер органдары қорытындыларының негізінде жүргізіледі.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Шетел азаматтарының азаматтық қару мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағында иемденіп алуы, Қазақстан Республикасына әкелуі және Қазақстан Республикасынан әкетуі
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен кемінде бір жыл мерзімге тіркелген шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында газ пистолеттері мен револьверлерін өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетел азаматтары қару жеткізіп беруші заңды тұлғалардан механикалық тозаңдатқыштарды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды рұқсат алмай-ақ иемденеді.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағында туризм мақсатымен, жеке және қызметтік істермен келген, Қазақстан Республикасы аумағында тұру үшін белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтарының азаматтық қаруды өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасынан оны иемденіп алған күннен бастап жеті күн ішінде әкететін жағдайда жалпы негіздерде иемденіп алуға құқығы бар.
3. Қазақстан Республикасында тіркелген елшіліктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлеріне азаматтық қаруды мемлекетаралық шарттарда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша әкелуге, иемденіп алуға және әкетуге рұқсат етіледі. Бұл орайда қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органда аталған қару міндетті түрде тіркелуге тиіс.
4. Шетел азаматтары аңшылыққа арналған келiсiмшарт немесе спорттық іс-шараларға қатысу үшін шақырту болған кезде және қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негізінде азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкеле алады. Әкелiнген қару келiсiмшартта немесе шақыртуда белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасынан әкетілуге тиiс.
5. Қазақстан Республикасына шақырту бойынша немесе өздерiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындауға байланысты келетiн шетелдiк құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтер және әскерилендiрiлген ұйымдар қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуi, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуі Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тиiстi органдар басшыларының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қару Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.
7. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасынан қару мен оның патрондарын әкету мерзімдерін бұзуы мәселе заңда белгіленген тәртіппен шешілгенге дейін оны алып қоюға әкеп соғады.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды берілгені үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шетел азаматтарының өздері әкелген азаматтық қаруды сыйға тарту немесе сату құқығы сақталады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою
1. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсатын алған заңды және жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат етіледі.
2. Заңды және жеке тұлғаларға өздері тауып алған немесе оларға Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып, иесі болып табылмайтын адамдар берген атыс қаруын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Мұндай қару дереу ішкі істер органдарына тапсырылуға тиіс.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қаруды коллекциялауға және экспонаттауға ішкі істер органдарынан тиісті лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар.
Азаматтық және қызметтік қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде экспонаттауға тыйым салынады.
4. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою тәртiбiн қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
6-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ішкі істер органдарының қару айналымы саласындағы өкілеттігі
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қару айналымы саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі қару айналымы саласында:
1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін белгілейді;
4) - 6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
9) - 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-11 Заңымен; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құзыреті
1. Қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган:
1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша өзгертілді; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) мыналарға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау құқығына;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану құқығына лицензиялар береді;
4) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар бередi;
4-1) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының Мемлекеттік кадастрын әзірлейді және бекітеді;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 7), 8) тармақшалармен толықтырылды; 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді жəне бекітеді;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін әзірлейді жəне бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылды; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1) мыналарды:
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын;
азаматтық және қызметтiк қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын;
азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын;
азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;
8-2) 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8-3) заңсыз сақталатын атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібін белгілейді;
8-4) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін айқындайды;
8-5) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-6) 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 8-7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8-7) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын аумақтық және көліктегі ішкі істер органдарының өкілеттігі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының қару айналымын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2007.27.07. № 318-III ҚР Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Қару айналымына мемлекеттік бақылау жасау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.12.02. № 263-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына мемлекеттік бақылау жасауды ішкі істер органдары тексерулер нысанында жүргізеді.
Тексеру жүргізу тəртібі осы Заңның 30-1-бабына сəйкес жүзеге асырылады.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қару-жарағындағы қару айналымына жəне Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының қалыптастырылуына мемлекеттік бақылау жасауды аталған органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Тексеру:
1) тексеруді тағайындау туралы акт;
2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау негізінде жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ішкі істер органдарының тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдарының:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сəйкес бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) Қазақстан Республикасының аумағында қаруды əзірлеу, жасау, жөндеу, оның саудасы, коллекциялау, экспонатқа қою, сақтау, пайдалану жəне жою орындарында оны қарап-тексеруді жүргізуге;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Заң күшіне енгенге дейін иеленген және заңды негіздерде иелерінің қолындағы қаруды қоспағанда, осы Заңның 7-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынған қаруды белгіленген тәртіппен өтеусіз алып қоюға және жоюға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) құжаттарды (мəліметтерді) тексеру нəтижелері туралы актіге жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сəйкес жəне мемлекеттік құпиялар жəне Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып, автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;;
4) белгіленген қағидаларды бұзушылықтар анықталған кезде, бұл бұзушылықтарды жою туралы жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар беруге;
5) қару мен патрондардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан күтпеген жерден, оның ішінде жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) тексерулер жүргізуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтау жағдайлары мен техникалық беріктігінің талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде, қару мен патрондарды анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін алып қоюға және оларды ішкі істер органдарына жауапты сақтауға тапсыруға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) аудио-, фото- жəне бейнетүсіруді жүзеге асыруға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқығы бар.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың лауазымды адамдары заңды тұлғаларға - тоқсанына кемінде бір рет, азаматтық қару мен оның патрондарының иелеріне жылына кемінде бір рет тексерулерді жүзеге асыруға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде топтарға бөлу, тексеру парақтарын толтыру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер тағайындау туралы актілерді тіркеу, тексерілетін субъектіге тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлау талап етілмейді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті органдардың лауазымды адамдары тексеруді тағайындау жəне оның нəтижелері туралы жасалған актілерді ведомстволық есепке алуды жүргізеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
1) мынадай:
осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген құжаттар болмаған;
осы Заңның 30-1-бабында белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен жағдайларда тексеру жүргізу үшін келген азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті органдардың лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге;
2) өздерінің мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай- ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті органның лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізілетін жекелеген əрекеттерін азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті орган лауазымды адамының қызметіне кедергі келтірмей аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге қатысу үшін тартуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тексеру нəтижелері туралы актіге шағым жасауға құқылы.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Бақылау субъектісі тексеру жүргізу кезінде:
1) азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті органдардың лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уəкілетті органдардың лауазымды адамына тексеру нəтижелері туралы актіге жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін мемлекеттік құпиялар жəне Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарды сақтай отырып қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;