Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейін дамыту стратегиясын іске асыру жөніндегі кеңейтілген шаралардың жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1817 қаулысы (ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен ) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың
стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту
стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген шаралардың жоспары
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1817 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен )

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 908 Қаулысымен  күші жойылды

 

Экономиканың аграрлық секторындағы жағдайдың түбегейлi өзгеруiне байланысты ауыл шаруашылығын дамытудың көкейкестi мiндеттерiн шешуге бағытталған жалпы мемлекеттік стратегияның шеңберiнде аграрлық саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы және Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген шаралардың жоспары бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).

2. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген шаралардың жоспарында айқындалған заң және нормативтiк актiлердi уақтылы және сапалы әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.

ҚР Үкіметінің 2003.11.26. № 1184 қаулысымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Мыналар:

ауыл шаруашылығын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламалары мен жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеу Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясына негiзделедi;

Қазақстан Республикасының жауапты атқарушылары болып табылатын министрлiктерi мен ведомстволары, қоса атқарушылармен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, ал Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметіне жылына екi рет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асырудың кеңейтiлген жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етедi;

қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізудi Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi деп белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 2003.11.26. № 1184 қаулысымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген жоспарын орындау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ал оған бақылау жасау - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң 1997 жылғы

22 желтоқсандағы

№ 1817 қаулысына

1 қосымша

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын

2010 жылға дейiн дамыту стратегиясы

I. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығының қазiргi заманғы жай-күйiЖай-күйi:Рентабельдiлiгi
Қазақстанның ЖIӨ-дегi ауыл шаруашылығының үлесi (%)ДиаграммаМатериалдық-техникалық қамтамасыз етуТопырақтың құнарлылығыАуыл шаруашылығы өндiрiсi технологияларыныңжаппай бұзылуыКапиталды салудың ең тәуекелдi аймағыӨнiмдi өткізуге байланысты жағдайдың нашарлауыАуылдағы әлеуметтiк жағдайдың нашарлауы:СХЕМАII. Мүмкiншiлiктер мен қауiп-қатерлер.Күштi және әлсiз тұстарыДаму мүмкiншiлiгi* Iрi өткізу рыноктарыАстық рыногыЕт рыногыЖүн рыногыТерi шикiзатының рыногыМақта рыногыДаму қауiп-қатерiКҮШТI ТҰСТАРЫАСА БАЙ ЖЕР РЕСУРСТАРЫБарлық ауыл шаруашылығы жерлерi (млн.га)Cонын ішіндеТопырақтың үлгiсiКлиматтық жағдайлар бойыншаОрташа жылдық өндiру. млн.тонна (1991-1996 жылдар)ӘЛСIЗ ТҰСТАРЫIII. МАҚСАТТАРЫIV. БАСЫМДЫҚТАРV. СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ОНЫ IСКЕАСЫРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРIСтратегия үш кезеңде жүзеге асырылады1-КЕЗЕҢМақсаты: реформаларды жедел аяқтау және кедейлiкке қарсы күресБасымдықтар:2-КЕЗЕҢМАҚСАТЫ: саланы қаржылық сауықтыру, оның құрылымдық қайтақұрылуы және босататын жұмыс күштерi үшiн басқа салаларда жұмысорындарын құруБАСЫМДЫҚТАР:3-КЕЗЕҢМақсаты: өндiрiстiң жедел өсуi жәнеэкспорттық әлеуеттi арттыруБасымдықтарыVI. МЕМЛЕКЕТТIҢ РОЛIМемлекет:Мемлекет:Ауыл шаруашылығы министрлігіФУНКЦИЯЛАРЫ:АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫЫ МИНИСТРЛIГI(стратегияның бiрiншi кезеңiн iскеасыру уақытына)
VII. СТРАТЕГИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУНҰСҚАСЫН НЕГIЗДЕУАуыл шаруашылығын реформалаудың әлемдiк практикасындадамушы елдерде мынадай екi нұсқа бар:Стратегияны iске асырудың бiрiншi кезеңiндеқаржыландырудың ұсынылатын көлемi

ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369; 26.11.03 ж. № 1184 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң 1997 жылғы

22 желтоқсандағы

№ 1817 қаулысына

2 қосымша

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын

2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру

жөніндегі шаралардың кеңейтiлген жоспары

1 КЕЗЕҢ - Дайындық (1998-2000ж.ж.)Мақсаты: реформаларды жеделдете аяқтау және кедейлiкке қарсы күрес

                   II кезең - тұрақтану (2001-2003 жж.)