Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар беру, оларды қайта ресімдеу
және лицензияларға өзгерістер енгізу, жер қойнауын пайдалану құқығына
арналған лицензияларды қайтып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1392 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.07.99 ж. № 944; 22.08.03 ж. № 844 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1996 ж., № 2, 182-бап) 14, 23, 40 және 70 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған тізбеге (1-қосымша) сәйкес ұйымдарға термалды, минералды жерасты суларын және емдік саз балшықтарын барлауға және/немесе өндіруге лицензиялар берілсін.
2. Қоса беріліп отырған тізбеге (2-қосымша) сәйкес ұйымдарға көмірсутегі шикізаты мен қатты пайдалы қазбаларды барлауға және/немесе өндіруге лицензиялар берілсін.
3. Қоса беріліп отырған тізбеге (3-қосымша) сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығына лицензияларға өзгерістер енгізілсін.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар, қоса беріліп отырған тізбеге (4-қосымша) сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығының берілуіне байланысты жаңа жер қойнауын пайдаланушыларға қайта ресімделсін.
5. Қоса беріліп отырған тізбеге (5-қосымша) сәйкес лицензиялық талаптардың бұзылуына және жер қойнауын пайдаланушылардың лицензияларды қайтаруына байланысты бұрын берілген жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензиялар қайтып алынсын.
6. Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
7. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1392 қаулысына
1-қосымша
Жерасты суларын барлау және/немесе өндіру құқығына лицензиялар
берілетін ұйымдардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 08.07.99 ж. № 944; 22.08.03 ж. № 844 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1392 қаулысына
2-қосымша
Көмірсутегі шикізаты мен қатты пайдалы қазбаларды барлау және/немесе
өндіру құқығына лицензиялар берілетін ұйымдардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. № 844 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1392 қаулысына
3-қосымша
Енгізілетін өзгерістермен бірге жер қойнауын пайдалану
құқығына лицензиялардың тізбесі