Мемлекеттік құпиялар туралы 1999 ж. 15 наурыздағы № 349-I Қазақстан Республикасының Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

 

15-бап. Мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу тәртібі

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуды мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тізбесіне сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары жүзеге асырады.

Аталған лауазымды адамдар басқаратын мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерге билік ету жөнінде өкілеттік беріледі.

2. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу олардың салалық, ведомостволық немесе бағдарламалық-нысаналық тиістілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

Басшыларына осы Заңның 11, 12, 13 және 14-баптары негізінде мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомостволық (салалық) тізбелерін әзірлейді. Аталған органдардың билік етуі жөнінде өкілеттік берілген мәліметтер осы тізбелерге енгізіледі және олардың құпиялылық дәрежесі белгіленеді. Қару-жарақтар мен әскери техниканың үлгілерін әзірлеу мен жаңғырту, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жөніндегі нысаналы бағдарламалар шеңберінде аталған үлгілер мен жұмыстарға тапсырыс берушілердің шешімі бойынша құпияландыруға жататын мәліметтердің жекелеген тізбелері әзірленуі мүмкін. Бұл тізбелерді тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары бекітеді. Мұндай тізбелерді құпияландырудың орындылығы олардың мазмұнымен айқындалады.

3. Мәліметтерді құпияландырудың принциптеріне сәйкес мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу қажеттілігінің негіздемесі осы мәліметтер алынған (әзірленген) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүктеледі.

4. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызудың негізділігіне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Сот мәліметтерді құпияландырудың негізсіздігі туралы шешім шығарған жағдайда бұл мәліметтер осы Заңда белгіленген тәртіппен құпиясыздандырылуға тиіс.

4-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары

болып табылатын мәліметтер мен олардың көздерін құпияландыру

 

16-бап. Мәліметтер мен олардың көздерін құпияландырудың принциптері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді және олардың көздерін құпияландыру заңдылық, негізділік және уақтылығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Заңдылық - құпияландырудың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкестігін білдіреді.

Негізділік-қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің тепе-теңдігін негізге ала отырып, нақты мәліметтерді құпияландырудың орындылығын, сол актінің болуы ықтимал экономикалық және өзге де салдарларын сараптамалық бағалау арқылы анықтау болып табылады.

Уақтылығы - осы мәліметтер алынған (әзірленген) кезден бастап немесе алдын ала олардың таратылуына шек қоюды көздейді.

17-бап. Құпияландыруға жатпайтын мәліметтер

2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мынадай:

1) азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдарлары туралы, сондай-ақ дүлей зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен салдарлары туралы;

2) денсаулық сақтау саласының, санитарияның, демографияның, көші-қонның, білім берудің, мәдениеттің, әлеуметтік қорғаудың, экономиканың, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстық ахуал туралы;

3) терроризм актілерін жасау фактілері туралы;

4) экологияның, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы;

5) азаматтар мен ұйымдарға мемлекет беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы;

6) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы;

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервінің мөлшерлері туралы;

8) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашатын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының қалыптастырылуы және жұмсалуы туралы;

9) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашатын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуын бақылау туралы;

10) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдылықты бұзу фактілері туралы;

11) осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерді қоспағанда, саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша жаппай қуғын-сүргін туралы, оның ішінде архивтегі мәліметтер құпияландырылмауға тиіс.

2. Аталған мәліметтерді құпияландыру туралы не оларды осы мақсатта мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздеріне енгізу туралы шешім қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Азаматтар мұндай шешімдерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

 

18-бап. Мәліметтердің құпиялылық дәрежелері мен бұл мәліметтер көздерінің құпиялылық белгілері

1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің құпиялылық дәрежесі аталған мәліметтерді тарату салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін залалдың ауырлық дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.

2. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің құпиялылық үш дәрежесі және осы дәрежелерге сәйкес көрсетілген мәліметтердің көздеріне арналған: «аса маңызды», «өте құпия» және «құпия» деген құпиялылық белгілері белгіленеді.

Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге «аса маңызды», «өте құпия» деген құпиялылық белгілері беріледі.

Қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерге «құпия» деген құпиялылық белгісі беріледі.

Аталған құпиялылық белгілерін мемлекеттік құпияға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерге өзге де шектеу белгілерін беруге жол берілмейді.

19-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәлімет көздерінің құпияландырылуына байланысты оларға меншік құқығы

1. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адамдар, егер бұл мәліметтер осы Заңның 11, 12, 13 және 14-баптарында немесе құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомостволық (салалық) тізбесінде аталған болса, мәліметтерді және азаматтар мен ұйымдардың (бұдан әрі - мәліметтер көздерінің меншік иесі) иелігіндегі олардың көздерін құпияландыру туралы шешім қабылдауға құқылы. Аталған мәлімет көздерін құпияландыру мәліметтер көздері иесінің және осы мәліметтер мен олардың көздері қарауына көшетін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың арасындағы осы мәліметтерді иеліктен айыру туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

2. Шартта:

мәлімет көздерінің құпияландырылуына байланысты оның иесінің құқықтарын шектеуге төленетін өтемақының мөлшері;

мәлімет көздері иесінің аталған мәліметтерді жария етпеу жөніндегі міндеттемесі айтылады.

Мәлімет көздерінің иесі иеліктен айырылудан бас тартқан жағдайда бұл мәліметтер соттың шешімі бойынша, иесіне иеліктен шығарылған мәліметтердің құны оларды иеліктен шығару жөніндегі шығындар шегеріле отырып өтеліп, еріксіз иеліктен шығарылуға жатады, сөйтіп оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылығы ескертіледі.

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мәлімет көздерінің меншік иесі лауазымды адамдардың оның құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. Сот лауазымды адамдардың әрекеттерін заңсыз деп таныған жағдайда, мәлімет көздерінің меншік иесіне келтірілген нұқсанды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімімен айқындалады.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Егер мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдары бұзылмай алынса (әзірленсе), шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік ұйымдарға тиесілі мәліметтер мен олардың көздеріне меншік құқығын шектеуге болмайды.

20-бап. Мәліметтер мен олардың көздерін құпияландырудың тәртібі мен мерзімдері

1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың қызметтерінің басқару, өндірістік, ғылыми және өзге де түрлерінің нәтижесінде алынған (әзірленген) мәліметтерді құпияландыру үшін олардың мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қолданылып жүрген құпияландырылуға тиісті мәліметтер тізбесіне сәйкес келуі негіз болып табылады. Бұл мәліметтерді құпияландыру кезінде олардың көздеріне құпиялылықтың тиісті белгісі беріледі.

2. Алынған (әзірленген) мәліметтерді қолданылып жүрген тізбелердегі мәліметтермен бірдей ету мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары, азаматтар алынған (әзірленген) мәліметтерді құпиялылықтың жорамалды дәрежесіне сәйкес алдын ала құпияландыруды қамтамасыз етуге және бір ай мерзімде тиісті тізбені бекіткен лауазымды адамның мекен-жайына оны толықтыру (өзгерту) жөнінде ұсыныс жіберуге міндетті.

Тізбені бекіткен лауазымды адамдар келіп түскен ұсыныстарға үш айдың ішінде сараптамалық баға беруді ұйымдастыруға және қолданылып жүрген тізбені толықтыру (өзгерту) немесе мәліметтерге алдын ала берілген құпиялылық белгісін алып тастау жөнінде шешім қабылдауға міндетті. Мәліметтер мен олардың көздерін құпияландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2007.27.07. № 320-III  ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді құпияландыру мерзімі отыз жылдан аспауға тиіс. Айрықша жағдайларда бұл мерзім Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы бойынша ұзартылады.

 

21-бап. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

5-тарау. Мәліметтер мен олардың көздерін құпиясыздандыру

 

ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен 22-бап өзгертілді

22-бап. Мәліметтерді құпиясыздандырудың негіздері

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мәліметтерді құпиясыздандыру үшін:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді ашық алмасу жөнінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелер қабылдауы;

объективті мән-жайлар өзгеріп, соның салдарынан мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді одан әрі қорғаудың мәні болмауы;

осы Заңның 11, 12, 13 және 14-баптарында белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын Мәліметтер тізбесінің өзгеруі;

мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді құпияландыру мерзімінің аяқталуы;

жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану қажеттігі негіздер болып табылады.

2. Басшыларына мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар дүркін-дүркін, бірақ кемінде әрбір бес жылда осы органдар мен ұйымдарда қолданылып жүрген, құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесінің мазмұнын мәліметтерді құпияландырудың негізділігі мен олардың бұрын белгіленген құпиялық дәрежесіне сәйкес келуі бөлігінде қайта қарауға міндетті.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қолданылып жүрген құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін өзгерту құқығы оларды бекіткен, мәліметтерді құпиясыздандыру жөнінде өздері қабылдаған шешімдердің негізділігі үшін дербес жауап беретін басшыларға беріледі. Аталған басшылардың құпияландырылуға жататын мәліметтердің тізбесін өзгертуге байланысты шешімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілуге тиіс.

23-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандырудың тәртібі

1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздері оларды құпияландыру кезінде белгіленген мерзімдерден кешіктірмей құпиясыздандырылады. Егер мемлекеттік органда немесе ұйымда олар құпияландырылған кезде негізге алынған, қолданылып жүрген ережелер өзгерсе, көздер бұл мерзімдер біткенге дейін құпиясыздандырылуға тиіс.

Ерекше жағдайларда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпияландырудың бастапқыда белгіленген мерзімдерін ұзарту құқығы белгіленген тәртіппен өздері тағайындаған сараптама комиссиясы қорытындысының негізінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген басшыларына беріледі.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына өздеріне бағынатын лауазымды адамдар негізсіз құпияландырған мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру жөнінде өкілеттік беріледі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының басшыларына қорды құрушы ұйым немесе оның құқықтық мұрагері оларға мұндай өкілеттік берген жағдайда, бұл мұрағаттардың жабық қорларында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру жөнінде өкілеттік беріледі. Қорды құрушы ұйым таратылған және оның құқықтық мұрагері болмаған жағдайда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру тәртібі туралы мәселені Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қарайды.

3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

24-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәліметтерді құпиясыздандыру туралы сауалдарын орындау

1. Азаматтар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылған мәліметтерді құпиясыздандыру туралы сауал салуға құқылы.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мұндай сауал алған мемлекеттік органдар мен ұйымдар, оның ішінде мемлекеттік мұрағаттар да оны бір айға дейінгі мерзімде қарап, салынған сауалдың мәні бойынша дәлелді жауап қайтаруға міндетті. Егер олардың сауал салынған мәліметтерді құпиясыздандыру туралы мәселені шешуге құқығы болмаса, сауал осындай өкілеттік берілген мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі, ол туралы сауал салған азаматтарға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарланады.

3. Азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың салған сауалдарын орындау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары

болып табылатын мәліметтерге билік ету

25-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беруі

1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер беруді осы Заңның 15-бабына сәйкес осы мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен, бағыныстылық қатынаста тұрмайтын және бірлескен жұмыстар атқармайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге сауал салушы мемлекеттік органдар мен ұйымдар бұл мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ететін жағдай жасауға міндетті. Олардың басшылары мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен танысу жөнінде белгіленген тәртіптің сақталуы үшін дербес жауап береді.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беруге арналған міндетті шарт олардың осы Заңның талаптарын орындауы болып табылады.

3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26-бап. Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру

1. Ұйымдарға немесе азаматтарға бірлескен құпия жұмыстарды орындауына байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер беруді осы Заңның 15-бабына сәйкес тиісті мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен және осы жұмыстарды орындау үшін қажетті көлемде ғана осы жұмыстарға тапсырысшы жүзеге асырады. Бұл орайда тапсырысшы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер берілгенге дейін ұйымда тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізуге арналған рұқсаттың, ал азаматтарда - тиісті рұқсаттың болуына көз жеткізуге міндетті.

2. Ұйымдар бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуі (мемлекеттік тапсырыстар алуы) және осыған байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланудың қажеттігі туындаған кезінде басқа ұйымдармен олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін пайдалану туралы шарттар жасаса алады, ол туралы екі уағдаласушы тараптың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс жүргізуге рұқсаттарына тиісті белгі қойылады.

Бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арнап белгіленген тәртіппен жасалған шартта тараптардың жұмыстарды жүргізу процесінде де, олар аяқталғаннан кейін де мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі өзара міндеттемелері, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) қаржыландыру шарттары көзделеді.

3. Бірлескен құпия жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік құпиялардың қорғалуын бақылауды ұйымдастыру тараптар жасасқан шарттың ережелеріне сәйкес осы жұмыстардың тапсырысшысына жүктеледі.

Бірлескен құпия жұмыстардың барысында атқарушы өзіне алған мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда тапсырысшы жолсыздықтар жойылғанға дейін тапсырысты орындауды тоқтата тұруға, ал міндеттеме қайталап бұзылған жағдайда - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге арналған тапсырыс пен рұқсаттың күшін жою туралы және кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселе қоюға құқылы. Бұл орайда атқарушының тапсырысшы арқылы мемлекетке келтірген материалдық зияны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріліп алынуға тиіс.

4. Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 27-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27-бап. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет мемлекеттерге және (немесе) халықаралық ұйымдарға беру тәртібі

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет мемлекетке және (немесе) халықаралық ұйымға беру туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Заңның 15-бабына сәйкес мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге билік ету жөнінде өкілеттік берілген мемлекеттік органмен келісіп, дәлелді ұсыныс енгізеді.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бұл мәліметтерді берудің мүмкіндіктері мен орындылығы туралы сараптамалық қорытынды шығарады.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді шет мемлекетке және (немесе) халықаралық ұйымға беру туралы шешімді, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

4. Қабылдаушы тараптың өзіне берілетін мәліметтерді қорғау жөніндегі міндеттемесі онымен жасалатын шартта көзделеді.

5. 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

7-тарау. Мемлекеттік құпияларды қорғау

28-бап. Құқық қатынастары субъектілерінің меншік нысандары мен міндеттері өзгерген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органдар мен ұйымдар өздерінің міндеттері, меншік нысандары өзгерген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстар таратылған немесе тоқтатылған жағдайларда, бұл мәліметтер мен олардың көздерін қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Бұл орайда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің көздері жойылады, мұрағатқа сақтауға тапсырылады не белгіленген тәртіппен:

егер бұл құқықтық мұрагердің аталған мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізуге өкілеттігі болса, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның немесе ұйымның құқықтық мұрагеріне;

осы Заңның 15-бабына сәйкес билігінде тиісті мәліметтер бар мемлекеттік органға;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша басқа мемлекеттік органға немесе ұйымға беріледі.

2. Құқық қатынастары субъектілерінің меншік нысандары мен атқаратын қызметтері өзгерген кезде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 29-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29-бап. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына, азаматтарына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтарына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету:

мемлекеттің алдында өздеріне сеніп тапсырылған, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жарияламау жөнінде жазбаша міндеттеме қабылдауын;

осы Заңның 32-бабына сәйкес өз құқықтарының ішінара, уақытша шектелуіне келісімін;

өкілетті органдардың оларға қатысты тексеру шараларын жүргізуіне жазбаша келісімін;