Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді
міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа өзгерісті бекіту жөнінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 63 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 ақпандағы № 13 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа ұсынылып отырған өзгеріс бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) осы қаулыны және Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу шараларын қабылдасын.