"Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi
мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды
бекіту жөнiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999
жылғы 16 сәуiрдегі № 74 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 ақпандағы № 13 қаулысымен күші жойылды
Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату механизмiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (Сизова С.И.) осы қаулыны, "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеу шараларын қабылдасын.
3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.) мемлекеттік тiркелгеннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы |
|
|
|
|
| Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 16 сәуірдегі № 74
қаулысымен бекітілген
тiркеу ____
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 28 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген
"Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен