«Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысы (2006.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

Республикада өсіп бара жатқан вирустік гепатит және жедел ішек аурулары жөніндегі жағдай едәуір қиындап отыр. Жыл сайын 44 мыңнан 55 мыңға дейін вирустік гепатит және жедел ішек аурулары жағдайлары тіркеледі, олардың 80%-і - балалар. Олармен күрес денсаулық сақтаудың негізгі проблемаларының бірі ретінде қарастырылады. 1996 жылмен салыстырғанда вирустік гепатитпен ауыру 1997 жылы 30,1%-ке, жедел ішек ауруы - 18,7%-ке өскен. Ауырудың өсуі республиканың барлық облыстарында да орын алып отыр.

Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептері:

- халықтың ауыз сумен, соның ішінде су құбырлары желісімен және құрылымдарымен қанағаттанарлықтай қамтамасыз етілмеуі; елді мекендердің санитарлық жағдайының нашарлауы, санитарлық тазарту мен жақсарту жұмыстарының жеткіліксіздігі;

- мектептердің санитарлық-техникалық жағдайының нашарлауы және оқушылар санының артық болуы, ұйымдастырылған тамақтандырудың және ауыз су мен температуралық режимді сақтауға арналған жағдайдың жоқтығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы туберкулез бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға ие мемлекеттердің біріне жатады. Туберкулез әлеуметтік проблема болып табылады. Республикада жыл сайын 13-14,5 мың туберкулезбен ауыратындар анықталды, 52,2 мың аурулар есепте тұр, олардың 14 мыңы бактерия бөлетіндер. 12,1 мың ауру еңбекпен түзету мекемелерінде жүр. Жыл сайын туберкулезден 6 мың ауру қаза табады.

Қоршаған орта

Бұрынғы жоспарлау идеологиясындағы өрескел қателіктер, экологиялық жобалардың алысты болжай алмауы, өнеркәсіптің тау-кен өндіруді өңдеу секторы басым шаруашылық етудің ерекшеліктері, әскери техникалар мен қаруларды сынауға арналған полигондардың бар болуы, тың және тыңайған жерлерді игерудегі қателіктер ауыр экологиялық зардаптарға: ормандардың біртіндеп азаюына, топырақтың эрозиялануына, Арал теңізінің құрғауына, өзендердің және топырақтардың химиялық ластануына, қышқыл жаңбырларға және т.б. әкеп соқты.

Қазақстан Республикасының 630 мың шаршы метр алаңы экологиясы нашар жерлерге жатады. Әдеттегідей, экологиялық нашар аймақтар еліміздің адамдар тұратын жерлерінде орналасқан.

Республикада қоршаған ортаның қатер туғызу факторларының мониторингі мен бағалаудың бірыңғай жүйесі жоқ, сондықтан да экологиялық апатты дұрыс түсіну үшін мәліметтер банкін жасау - әрі қарай дамуымыздың қажетті шарты.

Кедейлік

Джакарта декларациясы бойынша кедейлік денсаулықтың басты жауы болып табылады. 1996 жылдың маусымында Қазақстан халқының 35%-тен астамы кедейлікте тұрмыс (өмір сүру минимумы көрсеткішінің негізінде).

Қазақстанда қала мен ауылдың арасындағы айырмашылық еліміздің әртүрлі аймақтар арасындағы сияқты айтарлықтай үлкен емес. Еліміздің оңтүстік облыстарында (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл) халықтың 2/3 кедейлікте өмір сүруде.

Отбасының өлшемі мен кедейлік деңгейі өзара тығыз байланысты. Өтпелі кезең көп баланы және асырап отырған адамды бағып-қағып отырған отбасыларына өте қиын соқты. Кедейлік едәуір жағдайда жұмыссыздықпен байланысып жатады. Өтпелі кезеңде өзіміздің азық-түлік өндірісіміз маңызды тамақтану көзі болды, 1996 жылдың маусымында оның үлесіне барлық тұтынған тамақ өнімдерінің 1/3 сәйкес келді. Өз азық-түлік өнімдерімізді шығарудың мүмкіншілігі аман қалу стратегиясының маңызды элементтері болып табылады. Қазақстанда отбасылар арасында едәуір көлемде жеке материалдық көмек көрсету дәстүрі бар, ол әлеуметтік қорғаудың биресми желісі қызметін атқарады.

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1446 қаулысымен 3-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi:

ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 22 қаулысымен 4-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)

Осы Бағдарламаның басты мақсаты халық денсаулығын жақсарту болып табылады.

Осы Бағдарламаны толық көлемде iске асыру үшiн мынадай мақсаттарға жету қажет:

1) халық арасында ұтымды тамақтану жөніндегі білім мен дағдының стандарттарын енгізу және оларды сапалы тамақтандыру бойынша көмек көрсету;

2) халықтың кең тараған топтарының арасында қозғалыс белсенділiгiн кеңейту үшiн жағдай жасауға көмектесу;

3) iшiмдіктi қолдануды шектеу жөніндегі ұлттық саясатты әзiрлеу, қабылдау және iске асыру;

4) халық арасында темекi шегудi қысқарту, балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың арасында олардың, таралуының алдын алу;

5) халықтың әртүрлі топтарының арасында нашақорлықтың бастапқы алдын алуды күшейту;

6) жастар арасында жыныстық қатынас мәдениетiн насихаттау, қатерлi мiнез-құлықты халық топтарының арасында алдын алу жұмыстарын күшейту;

7) жұқпалы аурулардың, созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың және басқалардың бастапқы алдын алуды күшейту;

8) экологиялық сауаттылығын күшейту, қоршаған ортаны жақсарту жөніндегі ведомствоаралық көзқарасты қамтамасыз ету;

9) салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөніндегі саясаттың көзқарасы тұрғысынан заңнамалық базаны жетiлдiру;

10) осы заманғы ақпараттық техниканы пайдалана отырып, Қазақстан халқын денсаулық және салауатты өмiр салты туралы қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;

11) мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу орындарында салауатты өмiр салтының дағдыларына үйрету;

12) салауатты өмiр салты жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының алдын алу бағыттарын күшейту;

13) алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының салауатты өмiр салты жөнiндегі бағдарламасын енгізу және оларды салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi жөніндегі осы заманғы материалдармен қамтамасыз ету.

Бағдарлама мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:

1) Қазақстан Республикасы халқының салауатты өмiр салтын қалыптастыру;

2) салауатты өмiр салтының артықшылығы туралы халықтың хабардар болуын арттыру;

3) алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде денсаулықты нығайту;

4) аурудың алдын алу жүйесiн нығайту.

5) созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ерте диагностикалау жөніндегі шараларды әзірлеу және жетілдіру.

 

ҚР Үкіметінің 2002.12.29. № 1446 қаулысымен 3.1-3.8-тараулар алынып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1446 қаулысымен 4-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары

мен тетiгi

ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 22 қаулысымен 5-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)

Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары:

1) тиiстi құқықтық ортаны қамтамасыз етудiң негiзiнде алдын алуға үйлестiрiлген салааралық көзқарас және денсаулықты нығайту;

2) хабардар болуын арттыруға кешендi көзқарас;

3) жеке, отбасылық, жалпы адамзат және қоғамдық деңгейлерде денсаулықты сақтау және нығайту жөніндегі халықтың қатынасын кеңейту және білімiн жетілдiру;

4) халықтың салауатты ұлттық өмiр салтын қалыптастырудың стратегиясын әзірлеуде бағдарламаны ғылыми сүйемелдеу, тұжырымдама әзiрлеу, проблемаларды анықтау және басымдылықтарды таңдау;

5) аурудың алдын алудың ынталандыру жүйесiн жасау, алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң шеңберiнде денсаулықты және салауатты өмiр салтын нығайту болып табылады;

6) созылмалы жұқпалы емес аурулардың, жарақаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және ерте диагностикалау.

Бағдарламаны iске асырудың негiзгі тетiгi белгіленген iс-шараларды кезең-кезеңмен орындауды көздейтiн оны iске асыру жөнiнде әзiрленген Iс-шаралар жоспары болып табылады. Іс-шаралардың кешенділігі барлық деңгейлердегi салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөніндегі қызметтi барынша үйлестiруге мүмкiндiк бередi.

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1446 қаулысымен 4.1-4.5-тараулар алынып тасталды (бұр. ред. қара )

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1446 қаулысымен 5-тарау алынып тасталды (бұр. ред. қара )

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1446 қаулысымен 6-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 30.12.03 ж. № 1357 (бұр. ред. қара); 2006.06.01. № 22 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-бөлім өзгертілді

 

6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi

мемлекеттік бюджеттен бағдарламаны iске асыру республикалық бюджетте бекітілген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

 

 

iс-шараларды iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаражатының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу және құру кезiнде нақтыланады.

 

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1446 қаулысымен 7-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 22 (бұр. ред. қара) қаулысымен 7-бөлім өзгертілді

7. Бағдарламаны iске асырудан

күтiлетiн нәтижелер:

Бағдарламаны сәттi iске асыру тұтастай алғанда:

аймақтық және ұлттық ерекшелiктерiн ескере отырып, салауатты тамақтану мәдениетiн арттыруға, темір тапшылығы анемиясы деңгейiн төмендетуге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа ұтымды тамақтану принциптерiн кеңiнен насихаттауды қамтуға, балалардың, жасөспiрiмдер мен ересектердiң салауатты тамақтануы жөніндегі оқыту бағдарламасын дамытуға; салауатты жеке белсендiлiгiн түсiндiрiп таратуға, әртүрлi санаттағы халықтың қажеттi қозғалыс белсенділігін орындауға, салауатты отбасын насихаттауға;

iшкiлiкпен және маскүнемдiкпен күресудiң тиiмдi шаралары туралы әртүрлi деңгейдегi халықтың қоғамдық ой-пiкiрiн зерделеуге, алкогольдi мәдениеттi және белгiлi мөлшерде қолдану үшiн жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге;

темекi шекпей өмiр сүру салтын насихаттауға, балалар мен жастардың бойында есiрткiлер және дұрыс шешiм қабылдай бiлу туралы алынатын ақпараттың сынақтық бағалау дағдысын қалыптастыруға;

қауiпсiз жыныстық мiнез-құлық принципi жөніндегі бұқаралық ақпаратты қамтамасыз етуге, неке мен отбасының жоғары мәртебесiн бекітуге, жыныстық жолмен берiлетiн аурулар мен ВИЧ/СПИД туралы қажетті ақпаратты алуы үшiн азаматтарды тәрбиелеуге;

жұқпалы аурулардың бастапқы және қайталама алдын алу рөлiн күшейтуге, халықтың гигиеналық мәдениетiн көтеру мүддесiне бұқаралық ақпарат құралдарын үдемелi қолдануға;

қоршаған ортаның гигиенасы жөнiнде дерекқop жасауға, "Салауатты қалалар", "Салауатты жұмыс орындары" және қоршаған ортаның гигиенасы мәселелерi бойынша балалар мен жастарды экологиялық-гигиеналық тәрбиелеудiң басқа да жобаларын енгізуге;

ДДСҰ-ның "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететiн мектептер", "Денсаулық университетi" және басқа да халықаралық бағдарламаларды кеңейтуге;

салауатты өмiр салтын дамытуды зерттеудiң ғылыми инфрақұрылымын, мониторингiн және бағалау жүйесiн құруға көмектесуге ықпал етуге тиiс.

бағдарламаның 2003 жылдан 2005 жылға дейiнгi орта мерзiмдi кезегін iске асыру нәтижесiнде:

темекi тартудың таралуын тұтастай алғанда 5%-ға, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiмдер арасында - 6%-ға, ересектер арасында - 2%-ға төмендету; iшiмдiктi пайдаланудың таралуын тұтастай алғанда 3%-ға, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiмдер арасында - 4%-ға, ересектер арасында - 2%-ға төмендету;

туберкулезбен аурушаңдықты 3%-ға төмендету өткiр iшек жұқпалы ауруларының себебi бойынша нәрестелердiң өлiм-жiтiмiн 15%-ға, өткiр вирустық-респираторлық жұқпалы ауруларды 5%-ға төмендету жоспарланып отыр.

2006-2010 жылдары Бағдарлама кезеңдерін іске асыру нәтижесінде:

салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу және халықтың денсаулығын нығайту саласында тиімді саясатты қалыптастыру;

БМСК деңгейіндегі алдын алу іс-шараларына арналған ресурстарды ұлғайту;

халықтың алдын алу іс-шараларымен қамтылуын 80 процентке дейін ұлғайту;

созылмалы жұқпалы емес аурулары бар науқастардағы асқынуларды ерте анықтау және төмендету жағдайларының санын арттыру;

созылмалы жұқпалы емес аурулармен аурушаңдық көрсеткіштерін тұрақтандыру;

жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланулардан болатын аурушаңдықты, өлім-жітімді, мүгедектікті тұрақтандыру;

БМСК медицина қызметкерлерінің 20 процентін салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу мәселелеріне оқыту;

халықтың 30 процентке дейін ұтымды тамақтану мәселелеріндегі дағдыларын қалыптастыру;

6 айлық балаларды емшек сүтімен қоректендірудің пайдасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін 70 процентке дейін арттыру;

халық арасында дене шынықтыру мен спорттың таралуын 3 процентке арттыру;

жасөспірімдер мен жастардың арасында темекі шегудің таралуы мен алкогольді тұтынуды тұрақтандыру;

есірткілерді тұтынуға байланысты зияндар мен салдарлар туралы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың хабардар болу деңгейін 90 процентке дейін арттыру;

ЖЖБЖ, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелері бойынша халықтың 50 процентінің хабардар болуын арттыру жоспарлануда.

 

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1446 қаулысымен 8-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 30.12.03 ж. № 1357 (бұр. ред. қара); 04.03.04 ж. № 272 қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 22 қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

 

8. 2003-2010 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты»

кешенді бағдарламасын іске асыру жөніндегi

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ