Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүрлі түрде қоныс аударушы мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігінің 1999 жылғы 12 мамырдағы № 5 Бұйрығы (күші жойылды)

Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүрлі
түрде қоныс аударушы мәртебесін анықтау тәртібі туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігінің 1999 жылғы 12
мамырдағы № 5 Бұйрығы

Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің 2003 ж. 8 тамыздағы № 60-ө бұйрығына сәйкес осы бұйрықтың күші жойылды

"Халықтың көші-қон туралы" Қазақстан Республикасының заңын және "Көші-қон және демография жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 қаңтардағы № 8 қаулысын орындау мақсатында

Бұйырамын:

1. Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүр түрде қоныс аударушы мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 1 тармағы "Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы, сондай-ақ мәжбүр түрде қоныс аударушы мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулық" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

3. Қазақстан Республикасының Көші-қон және деморгафия жөніндегі агенттігі 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 38 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

Төраға

Көші-қон және демография

жөніндегі

Қазақстан Республикасы

Агенттігінің

12 мамыр 1999 ж.

№ 5 бұйрығымен бекітілді

Оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы

сондай-ақ мәжбүр түрде қоныс аударушы мәртебесiн

анықтау туралы

Нұсқаулық

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Халықтың көшi-қоны туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатымен қабылданды, сондай-ақ оралман (репатриант), реэмигрант, қоныс аударушы мәртебесiн анықтау тәртібін және шарттарын айқындайды.

2. Осы Нұсқаулық күшi Қазақстан Республикасына ерiктi түрде қоныс аударушы шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ мәжбүрлiк қоныс аударушыларға жүредi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.