Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге қойылатын талаптар туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 18 маусымдағы № 129 қаулысы (ҚР ҰБ Басқармасының 26.12.03 ж. № 454; ҚР ҚҚА басқармасының 2005.26.03. № 116 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге
қойылатын талаптар туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 18 маусымдағы  № 129 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 26.12.03 ж. № 454; ҚР ҚҚА басқармасының 2005.26.03. № 116
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 229 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР ҚҚА басқармасының 2005.26.03. № 116 Қаулысымен тақырыбына өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)

 

Банктiк аудит мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

ҚР ҚҚА басқармасының 2005.26.03. № 116 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге қойылатын талаптар туралы ереже бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзген күннен бастап күшiне енгiзілсін.

ҚР ҚҚА басқармасының 2005.26.03. № 116 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге қойылатын талаптар туралы ереже күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 346 қаулысымен бекітілген Аудиторлық (банк қызметiн) тексеруге уәкiлеттi аудиторлардың қорытындысына қойылатын негiзгi талаптар туралы және аудиторлар жасайтын қорытындылардың түрлерi туралы ереженiң күшi жойылды деп танылсын.

ҚР ҚҚА басқармасының 2005.26.03. № 116 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Заң департаментi (Сизова С.И.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ) бiрлесiп осы қаулыны және Банктерге аудит жүргізу жөніндегі есеп беруге қойылатын талаптар туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өткiзсiн.

ҚР ҚҚА басқармасының 2005.26.03. № 116 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.