«Қазақстан Республикасының патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 ж. 16 шілдедегі № 427-I Заңы (2026.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Көрсетілген шағымдарды сотқа дейін қарау міндетті болады.

Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және ол бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.

 

09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2025.24.11. № 233-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 37-бап жаңа редакцияда

37-бап. Шетелдерде өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу

Шетелдерге Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінім беру, егер өтінім беруші өтінімде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қамтылғаны туралы үш ай мерзімде хабардар етілмесе, сараптама ұйымына тиісті өтінім берілген күннен бастап көрсетілген мерзім өткен соң жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінім көрсетілген мерзімнен бұрын, бірақ өтінім берушінің өтініші бойынша өтінімде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің бар-жоғына тексеру жүргізілгеннен кейін берілуі мүмкін. Тексеруді жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары

1. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға орай немесе өзара түсіністік принциптері негізінде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.

2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауға жататын өзге де актілерде көзделген құқықтарды, егер осы Заңнан өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.

Қазақстан Республикасының