«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы директорларының кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысы
(2006.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 21.05.04 ж. № 570 қаулысымен тақырыбы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Акционерлік қоғамдар туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру және мемлекеттік мүлiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен «Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қор) акцияларының пакеттерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі кұқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне берсiн.
ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. Директорлар кеңесi бiр апта мерзiмде Қорға несие беру туралы шешiмдердi қарау мен қабылдау тәртібін айқындасын.
ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
1) «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997ж. № 17, 152-құжат):
6-тармақтағы «Байқаушы кеңесi» деген сөздер «Директорлар кеңесi» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы «Байқаушы кеңесi» деген сөздер «Директорлар кеңесi» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
1 және 2-тармақтардағы «министрлiктерге» деген сөзден кейiн «және өзге де мемлекеттік органдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыбы «өзге де мемлекеттік органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
215-реттiк нөмiрлi жол алынып тасталсын;
5. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 44 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 3, 17-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының