Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15-сәуірдегі Келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Хаттама
(Мәскеу қаласы, 1999 ж 2 сәуiр)
1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 14-II ҚР Заңымен бекітілді
Еркiн сауда аймағын құру туралы Келiсімге қатысушы мемлекеттер (бұдан былай - Келісім) Келісім ережелерiн дамыту мен тереңдету, еркiн сауда аймағын қалыптастыру процесiн тездету мақсатында Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісті:
1. 1-баптың 1-тармағындағы бірiнші абзацында «нақты міндеттердi шешуде» деген сөздерден кейiн «Экономикалық одақ құрудың бiрінші сатысынан» деген сөздер «еркін сауда аймағын құру» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1-баптың 1-тармағының екінші абзацы мына редакцияда баяндалсын:
«кедендік баждарды, сондай-ақ баламалық әсері бар салықтар мен салымдарды және сандық шектеулердi жоюды;».
3. 1-баптың 1-тармағының бесiншi және алтыншы абзацтары бiрiктiрілсiн бiрiктірілсiн және мына редакцияда баяндалсын;
өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, көлiк, қаржы, инвестиция, әлеуметтік салада осы Келісiмнiң мақсаттарына қол жеткізу үшiн сауда-экономикалық саясат жүргiзудегі, сондай-ақ адал бәсекенi және т.б дамытудағы ынтымақтастық».
4. 1-баптың 2-тармағы мына редакцияда баяндалсын:
«2. Осы Келісім келiсушi тараптардың кедендік аумақтарында, олардың ұлттық заңдарымен белгiленгендей, қолданылады.»
5. 1-баптың 3-тармағының бiріншi абзацы «1969 жылғы халықаралық келiсім-шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының» деген сөздерден кейін «және ГАТТ/ВТО келісімдерінің» деген сөздермен толықтырылсын.
6. Келісім мына мазмұндағы 1а - жаңа баппен толықтырылсын:
1а - бап
Келiсушi тараптардың Келісім ережелерiн орындау жөніндегі әрекетiн үйлестiретiн орган
«Келiсушi тараптардың осы Келісімдi орындау барысын бақылауды, олардың сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi, осы Келісімнің мақсаттарына жету үшiн келiсу және экономикалық саясатты үйлестiрудi Экономикалық кеңестің мемлекетаралық экономикалық комитетi (бұдан былай - Комитет) жүзеге асырады».
7. 2-бап алынып тасталсын.
8. 3-баптың атауы мынаған өзгертiлсiн: