«Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қаулысы 1999 жылғы 27 қыркүйек № 18/2 (2017.17.04. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қаулысы 1999 жылғы 27 қыркүйек № 18/2

(2017.17.04. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелері Н.І. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов, А.Е. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде өзінің ашық отырысында Республика Үкіметінің өкілі - Әділет министрі Б.Ә. Мұхамеджановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

Баяндамашыларды - Конституциялық Кеңестің мүшелері В.Д. Шопинді, А.К. Котовты және өтініш субъектісінің өкілін тыңдап, қолда бар материалдарды зерделеп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 1999 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 7-тармағын және 53-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы өтініші келіп түсті. Өтініште мынадай мәселелер қойылған еді:

1. Парламенттің Үкімет енгізген заң жобасын қабылдамауы дегенде нені түсіну керек? Егер, заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау немесе оны қабылдамай тастау туралы депутаттардың ұсыныстары дауыс беруде қажетті дауыс санын ала алмаса, онда ол қабылданбады деп есептеле ме?

2. Егер Конституцияның 61-бабының 7-тармағында дауысқа салу аталған мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей жүргізілуі көзделген болса, Үкіметке сенім білдіру туралы Премьер-Министр қойған мәселені Парламенттің қарап шығуы мерзімінің шегі қандай?

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.