Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 Қаулысы (2014.03.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 Қаулысы

(2014.03.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 Қаулысымен күші жойылды

 

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 201 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Қ. Тоқаев

 

ҚР Үкіметінің 08.11.00 ж. № 1683 Қаулысымен; 2007.16.03. № 201 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.03.12. № 1130 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.02. № 173 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.09.06. № 771 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.03.02. № 44 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

23 қазандағы № 1592 қаулысына

қосымша

 

 

Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар

 

Алкоголь өнімінің түрлері

Қолданылу кезеңі

Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы (теңге/литр)

Арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер-арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері

2014 жыл

1120

2015 жылдан бастап

1300

2016 жылдан бастап

1600