«Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың Тізімін» бекіту туралы Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі № 184-ө бұйрығы (күші жойылды)

"Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр
және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың Тізімін"
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрінің 1999 жылғы 20 қыркүйектегі №
184-ө бұйрығы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005.15.02. № 44-ө бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 89 "Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы еңбек жағдайын және еңбек қорғауды жақсарту жөніндегі 1997-2000 жылдарға арналған негізгі бағыттары туралы" қаулысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетімен келісілген "Әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістердің, мамандықтар мен жұмыстардың Тізімі" (бұдан әрі - Тізім) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Тізімде көзделген еңбек жағдайы ауыр және зиянды өндірістерде, мамандықтар мен жұмыстарда, ұйымдардағы мұндай өндірістер, мамандықтар мен жұмыстар экономиканың қандай саласына жататындығына қарамастан әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын болсын.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының бастықтары осы Бұйрықтың жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдарына жеткізілуін және оның ұйымдарда орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4. Еңбек қорғау басқармасы (Р.Ж.Үмбетқұлов) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Вопросы труда" бюллетенінде жариялауды ұйымдастырсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.