Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 мамырдағы № 412 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 1984 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184
қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 6 мамырдағы № 412 қаулысының күші жойылды
деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 25 желтоқсандағы № 1984 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы .№ 206 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымша қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 мамырдағы № 412 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

25 желтоқсандағы № 1984

қаулысына қосымша

Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі

ведомствоаралық кеңестің

Құрамы

     Өтембаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Ержан Әбілхайырұлы        Министрінің орынбасары, төраға
 
     Смаилов                 - Қазақстан Республикасы Статистика
     Әлихан Асханұлы           жөніндегі агенттігінің төрағасы,
                               төрағаның орынбасары
 
     Құсайынов               - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Марат Әбсәметұлы          Министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау
                               бөлімінің консультанты, жауапты хатшы
 
             Ведомствоаралық кеңестің мүшелері
 
     Досаев                  - Қазақстан Республикасының Энергетика,
     Ерболат Асқарбекұлы       индустрия және сауда вице-министрі
 
     Есенбаев                - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Мәжит Төлеубекұлы         министрі
 
     Кәкімжанов              - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
     Зейнолла Халидоллаұлы     кіріс министрі
 
     Келімбетов              - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
     Қайрат Нематұлы           жоспарлау жөніндегі агенттігінің
                               төрағасы (келісім бойынша)
 
     Котенко                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Наталья Леонидовна        Министрінің Кеңсесі Экономикалық
                               бөлімінің меңгерушісі
 
     Құлекеев                - Қазақстан Республикасының Экономика
     Жақсыбек Әбдрахметұлы     министрі
 
     Көшербаев               - Қазақстан Республикасының Білім
     Қырымбек Елеуұлы          және ғылым министрі
 
     Марченко                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Григорий Александрович    Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
 
     Нүкенов                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
     Маратқали Ордабайұлы      кіріс министрлігінің Кеден комитетінің
                               төрағасы
 
     Омарова                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық
     Мария Нұрғалиқызы         сақтау ісі жөніндегі агенттігінің
                               төрайымы
 
     Ойнаров                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Азамат Рысқұлұлы          Министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау
                               бөлімінің меңгерушісі
 
     Радостовец              - Қазақстан Республикасының Еңбек
     Николай Владимирович      және халықты әлеуметтік қорғау министрі
 
     Рахымбеков              - Қазақстан Республикасы Әділет
     Боран Ғазизұлы            министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің
                               төрағасы