Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бекіту туралы
(2014.29.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен күші жойылды
ҚР Президентінің 2007.28.12 № 501 Жарлығымен тақырыбы өзгертілді (2008 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2013.07.03. № 523 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2013 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
ҚР Президентінің 2007.28.12 № 501 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (2008 ж. 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2013.07.03. № 523 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.