Заң күшi бар "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылғы 14 қарашадағы № 2635 жарлығы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 28-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1-бапта:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасын қорғау - Қазақстан Республикасы азаматының борышы" сөздерi "Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбiр азаматының қасиеттi борышы және мiндетi болып табылады" сөздерiмен алмастырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацы "Қарулы Күштерiн" сөздерiнен кейiн "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Шекара және Iшкi әскерлерiн, Республикалық ұланын, Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлiмдерiн және басқа әскери құрамаларын (бұдан былай - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамалары)" сөздерiмен толықтырылсын.
3-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "мемлекеттік басқару" және "өкiмет пен басқару органдарына" сөздерi тиiсiнше "мемлекеттік өкiмет" және "өкiлдi және атқарушы органдарға" сөздерiмен алмастырылсын;
екiншi, үшiншi, төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк халықаралық шарттарда көрсетiлген реттерден өзге басқа мемлекеттердiң азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.