Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына
өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 18 қаңтардағы № 02-1-7/3 Бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен күші жойылды
Жергілiктi мемлекеттік органдардың бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымға конкурс туралы хабарландырулар жариялаудың тәртібі мен шартын нақтылау мақсатында Бұйырамын:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығымен бекітілген және Әділет министрлігінде 1999 жылғы 30 қарашада № 986 тiркелген Бос әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудiң қағидасына төмендегідей өзгертулер енгiзiлсiн:
17, 18, 19 тармақтар мына редакцияда жазылсын:
«17. Конкурс өткiзетiн мемлекеттік орган, өкiлеттi орган айқындаған республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында, сондай-ақ осы Қағидамен көзделген жағдайда облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнің ресми жарияланымдар үшiн айқындаған жергілiктi бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауға мiндеттi.
18. Осы Қағиданың 19 тармағында қарастырылған лауазымдарды қоспағанда, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға өткiзiлетiн конкурс бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi мазмұндауы тиiс:
1) мекен-жайы көрсетілген мемлекеттік органның атауы, пошта адресi, телефондары мен факс нөмiрлерi;
2) конкурс өткізудiң тәсiлi (ашық немесе жабық);
3) мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң функционалдық жұмыс бағыттары көрсетiлген бос лауазымдардың атауы, қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек ақы төлеудiң көлемi мен шарты;
4) мемлекеттік орган анықтаған біліктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;