Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы № 1633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 195 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы № 1633
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 195 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 467 Қаулысына сәйкес күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы № 1633 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

     1-тармақта:
     "Зверьков               - Қазақстан Республикасы
     Вадим Павлович            Сыртқы істер министрлігінің
                               Халықаралық ынтымақтастық
                               департаментінің директоры"

деген жолдағы, "хатшы" деген сөз алынып тасталсын;

шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұрсейітов Азамат Айтқалиұлы хатшы болып енгізілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі