Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметін жүзеге
асыратын инвесторлармен контракт жасасу кезінде жеңілдіктер
мен преференциялар берудің ережелерін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 наурыздағы № 349 Жарлығы
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
"Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметін жүзеге асыратын инвесторлармен контракт жасасу кезінде жеңілдіктер мен преференциялар берудің ережелері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) "Инвесторлармен контракт жасасу кезіндегі жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі және оларды берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3445 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 14, 102-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3445 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3988 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 19, 169-құжат).
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің осы Жарлықтың күшіне енгеніне дейінгі инвесторларға берілген жеңілдіктер мен преференциялар жасалған контрактілердің шарттарына сәйкес өз күшін сақтайды.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 6 наурыздағы
№ 349 Жарлығымен
бекітілген
Экономиканың басым секторларында инвестициялық
қызметін жүзеге асыратын инвесторлармен контракт
жасасу кезінде жеңілдіктер мен преференциялар беру
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) мен экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметін жүзеге асыратын инвесторлардың арасында контракт жасасу кезінде жеңілдіктер мен преференциялар беру мәселелерін реттеу мақсатында әзірленді.
1. Жеңілдіктер мен преференциялар берудің
мақсаттары мен шарттары