Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2000 ж. 15 ақпандағы № 33 қаулысы
(2007.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасының 28.04.01 ж. № 127 қаулысымен барлық мәтiн бойынша сөздер өзгертілді
Сақтанушылардың мүддесiн қорғау және сақтандырушылардың сақтандыру шартын жасау жөнiнде қолданылып жүрген сақтандыру заңдарының талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасының 22.09.00 ж. № 352 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары үшiн осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтiн сақтандыру полистерiнің бланкiлерiн ауыстырудың мынадай мерзiмi белгiленсiн:
1) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру полисiн ауыстыру 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн;
2) ерiктi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру полисiн ауыстыру 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн.
3. Сақтандыруды қадағалау департаменті:
1) 3аң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қарастырсын.
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелеріне, облыстық филиалдарына және сақтандыру ұйымдарына жiберсiн.