Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы № 1633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 739 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы № 1633
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 739 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 467 Қаулысына сәйкес күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы № 1633 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 482-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:

Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы         - Қазақстан Республикасының Қаржы
                                      министрлігі Мемлекеттік мүлік және
                                      жекешелендіру комитетінің төрағасы
                                      енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Әбілғазин Данияр Рүстемұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі