Тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 35 бұйрығы

Тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары туралы
нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің
2000 жылғы 17 сәуірдегі № 35 бұйрығы

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 2-тармағына сәйкес

бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары туралы бекітілсін.

2. Осы бұйрық басшылық ету және жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетінің барлық аумақтық бөлімшелеріне жіберілсін.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеттің төрағасы Т.Е. Ділмұхамбетовке жүктелсін.

Министр

                                               Қазақстан Республикасы
                                               Әдiлет министрінiң
                                              2000 жылғы 17 сәуірдегі
                                              бұйрығымен бекітілген
               Тыйым салынған мүлiктi сақтаудың
                 тәртібі мен шарттары туралы
                       НҰСҚАУЛЫҚ

1. Осы Нұсқаулық сот қаулыларын және басқа да атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындау кезiнде сот орындаушысы тыйым салған мүлiктi сақтаудың тәртібі мен шарттарын заңдылықпен нақтылауын белгiлейдi.

2. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу мүлiктiң тiзiмдемесiн жасаудан, оны иеленуге тыйым салуды жариялаудан, ал қажет болған жағдайда - мүлiктi пайдалану құқығын шектеуден және сақтауға беруден тұрады.

"Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 39-42-баптарының талаптарына сәйкес сот орындаушысы борышкердiң мүлкiне тыйым салады.

Тiзiмдемеге атқару құжаты бойынша борышкердiң берешектi өтеу үшiн тек қажеттi көлемдегi, сондай-ақ орындау жөніндегі шығыстарды ескере отырып, оның iшiнде мәжбүрлеп өндiрiп алу үшiн сот орындаушысының лажсыздан жолсапарға шығуы мен мүлiктi сақтау жөніндегі шығыстарға байланысты мүлкi ғана жатады

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.