Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған
қаржылық есебiн жасау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 11 ақпандағы № 25 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.02 ж. № 107; 2005.14.02. № 28 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.05.02. № 11 Қаулысымен күші жойылды
Бухгалтерлiк есептi жетiлдiре түсу және екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына көшуi мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Рахметова С.К.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізуге белгiленген тәртiппен тиiстi шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсiн.
| Ұлттық Банк Төрағасы |
|
|
|
|
| Г.А. Марченко |
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi
банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау
ЕРЕЖЕСІ