Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасында Азаматтардың өзара жол жүру шарттары жөнінде келісім жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1024 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінiң
арасында Азаматтардың өзара жол жүру шарттары жөнiнде келісім жасасу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 6 шілдедегі № 1024 қаулысы


Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Сыртқы iстер министрлiгі ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы Азаматтардың өзара жол жүру шарттары жөніндегі келісімнiң жобасы мақұлдансын (қоса берiлiп отыр).

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінiң арасында Азаматтардың өзара жол жүру шарттары жөнiнде келісім жасалсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі