Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 ж. 24 мамырдағы № 244 қаулысы (күші жойылды)

Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру
(қайтарып алу) ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 ж. 24 мамырдағы № 244 қаулысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 24 тамыздағы № 317 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Сақтандыру заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап 10 күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

2. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (қайтарып алу) ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, облыстық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2000 жылғы 24 мамырдағы

№ 244 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға

рұқсат беру (қайтарып алу)

ережесі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.