ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен күші жойылды
4-қосымша
Қазақстан республикасы
Білім және ғылым министрлігінiң
10.07.00 ж. № 708 бұйрығымен
бекітілген
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының интернаттық білім беру
ұйымдарының қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы
ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Бұл Ережелер меншiк нысаны мен бағыныстылығына қарамастан барлық түрi мен үлгiдегi интернаттық ұйымдар үшiн нормативтiк-құқықтық құжат болып саналады.
2. Интернаттық ұйымдар - белгiлi бір категориядағы азаматтарға тұратын орын берiп, білім алу құқығына мемлекеттік кепiлдiктi қамтамасыз ететiн орта білiм беру жүйесiнiң мекемелерi.
ҚР Білім және ғылым министрінің 03.10.02 ж. № 713 (бұр. ред. қара); 06.11.03 ж. № 729 бұйрықтарымен 3-тармақ толықтырылды
3. Интернаттық ұйымдар төмендегідей түрлерде құрыла алады:
1) жалпы типтi мектеп-интернат - ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетiм балалардың, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылары, жалғыз басты аналар (әкелер) мен денсаулық жағдайы, еңбегi, өмiр жағдайына байланысты қоғамдық тәрбиенi қажет ететiн ата-аналардың (олардың орнын ауыстырушылар) балаларына тұратын орын берiп білім алу құқығына мемлекеттік кепiлдiктi қамтамасыз ететiн орта білім беру жүйесiнiң мекемесi;
2) санаториялық типтегi мектеп-интернат - балалар мен жасөспiрiмдердiң жергiлiктi туберкулезiнiң дамуын ескертуге, туберкулездiң жұқпалы ошағынан ауру жұқтырған және оларды туберкулездiң төменгi және бәсеңдеген нысандарын толық клиникалық емдеуге бағытталған, емдеу-сауықтыру шараларын өткізу және жататын орнымен қамтамасыз етiп білім алу құқығына мемлекеттік кепiлдiктi қамтамасыз ететiн орта білім беру жүйесiнiң мекемесi;