Халықаралық құрамдастырылған тасымалдардың аса маңызды желілері және
тиісті объектілері туралы Еуропалық келісім (ҚТЖК)
(Женева, 1991 ж. 1 ақпан)
ҚР 2002 ж. 31 қаңтардағы № 290-ІІ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы осы келісімге қосылды
I-тарау Жалпы ережелер II-Тарау Қорытынды ережелер I-қосымша Халықаралық құрамдастырылған тасымалдар үшінмаңызды мәнi бар темір жол желiлерi
IІ-қосымша Халықаралық құрамдастырылған тасымалдар үшінмаңызды мәнi бар объектілер
III-қосымша Халықаралық құрамдастырылған тасымалдардың маңыздыжелiлерi торабының техникалық сипаттамалары
IV қосымша Поездарды пайдалану сипаттамасы жәнеинфрақұрылымға қойылатын ең төмен талаптар
УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР
Халықаралық жүк тасымалдарын жеңiлдетуге жәрдемдесуге ТІЛЕК БIЛДIРЕ ОТЫРЫП,
Халықаралық жүк тасымалдарының күтіліп отырған өсуi халықаралық сауданың кеңеюi нәтижесiнен екенiн ТҮСІНЕ ОТЫРЫП,
Осындай дамудың қоршаған орта үшiн қолайсыз салдарын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,
Құрамдастырылған тасымалдардың еуропалық автомобиль жолдары желiсіндегі, атап айтқанда, альпыаралық қатынастағы қауырттылықты азайтудағы және қоршаған ортаға келтiрiлетiн залалды азайтудағы маңызды рөлiн АТАП КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП,
Еуропада халықаралық құрамдастырылған тасымалдардың тиiмдiлiгiн және олардың тұтынушылар үшiн тартымдылығын арттыру үшiн құрамдастырылған тасымалдардың келісілген даму жоспарын және оларды жүзеге асыру үшiн қажеттi инфрақұрылымды анықтайтын құқықтық шеңбердi келісілген халықаралық параметрлер мен стандарттардың негiзiнде орнату маңызды мәнге ие болатынына НЫҚ СЕНIП,
төмендегілер туралы УАҒДАЛАСТЫ:
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
АНЫҚТАМАЛАР
Осы Келісімдi қолдануда:
а) "құрамдастырылған тасымал" терминi бiр көлiк бiрлiгiмен көлiктiң бiрнеше түрiн пайдалана отырып, жүктердi тасымалдауды бiлдiредi;
b) "халықаралық құрамдастырылған тасымалдардың маңызды желiлерiнiң торабы" терминi егер: