Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 қазандағы № 1487 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 2 қазандағы № 1487 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы .№ 206 Қаулысымен күші жойылды

 

1. "Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

1) Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамына мыналар:

Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Арман Тергеуұлы Айдарханов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

Петр Петрович Нефедов - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

Мырзақасым Ниязбекұлы Байбеков - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Департамент директорының орынбасары, жауапты хатшы болып енгізілсін;

2) көрсетілген құрамнан Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Марат Әбсәметұлы Құсайынов, Мәрия Нұрғалиқызы Омарова, Николай Владимирович Радостовец шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі