Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен Әзербайжан
Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті арасындағы
Шекара арқылы заңсыз өткізілетін мәдени құндылықтарды ұстау
және қайтару мәселелері жөніндегі ынтымақтастық пен өзара
көмек туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 17 қазандағы № 1550 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 7 сәуірде Баку қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті арасындағы Шекара арқылы заңсыз өткізілетін мәдени құндылықтарды ұстау және қайтару мәселелері жөніндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Токаев |