Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандырукуәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықтыбекіту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына өзгерiсенгізу туралы және Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын)ресiмдеу жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулардыбекіту туралы
Қазақстан Республикасының ҰлттықБанкі Басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 352 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысымен күші жойылды
Сақтандыру заңдарын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары үшiн осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтiн сақтандыру куәлiктерiнiң (полистерiнiң, сертификаттарының) бланкiлерiн ауыстырудың мынадай мерзiмi белгiленсiн:
1) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру куәлiктерiн (полистерiн, сертификаттарын) ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн;
2) ерiктi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру куәлiктерiн (полистерiн, сертификаттарын) ауыстыру - 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейiн.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 15 ақпандағы № 33 қаулысымен бекітілген Сақтандыру куәлiгiн (полисiн, сертификатын) ресiмдеу жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап 10 күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
3. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):