"2000 жылға арналған бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы 8 қарашадағы
№ 95-II Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1999 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 917-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-баптың бірінші бөлігінде:
"286422985" деген сан "291529747" деген санмен ауыстырылсын;
"52581962" деген сан "52037336" деген санмен ауыстырылсын;
"1272464" деген сан "3947607" деген санмен ауыстырылсын;
"376041338" деген сан "380870318" деген санмен ауыстырылсын;
"28036073" деген сан "29034146" деген санмен ауыстырылсын;
"63800000" деген сан "62389774" деген санмен ауыстырылсын;
"3" деген сан "2,7" деген санмен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
бірінші абзацтағы "салыққа жатпайтын" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары;";
3) 3-бапта:
бірінші абзацтағы "салыққа жатпайтын" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"лотереяларды өткізуден алынатын акциздер;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне көзделген жағдайларда коммуналдық меншікке өткен мүлікті өткізуден түсетін түсімдер;";
4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. 2000 жылы "Өнімдерді бөлу туралы" келісім-шарттар бойынша алынатын өнімдерді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі, республикалық бюджетке - 90 %, жергілікті бюджетке - 10 % есептелетін Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, 100 % мөлшерінде республикалық бюджетке есепке алынатын болып белгіленсін.";
5) 9-бапта:
"51011962" деген сан "50467336" деген санмен ауыстырылсын;
"9727269" деген сан "13227269" деген санмен ауыстырылсын;
"4881316" деген сан "1590000" деген санмен ауыстырылсын;
"22619915" деген сан "21866605" деген санмен ауыстырылсын;
6) 13-бапта:
"27870938" деген сан "27117628" деген санмен ауыстырылсын;
"6808567" деген сан "6055257" деген санмен ауыстырылсын;
7) 17-баптың бірінші бөлігіндегі "5000000" деген сан "2339305" деген санмен ауыстырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. 2000 жылға арналған республикалық бюджетте өткен жылдардың міндеттемелерін орындау үшін 989600 мың теңге көзделсін, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің зейнеткерлеріне санаториялық-курорттық емделуге өтемақы төлеу үшін 46100 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне - ішкі істер органдары мен ішкі әскерлердің зейнеткерлеріне санаториялық-курорттық емделуге өтемақы төлеу үшін 575000 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне - Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстеме ақы төлеу үшін 368500 мың теңге көзделсін.";
9) 18-бапта:
"3600000" деген сан "5757403" деген санмен ауыстырылсын;
"2900000" деген сан "4957403" деген санмен ауыстырылсын;
"100000" деген сан "200000" деген санмен ауыстырылсын;
10) 19-баптағы "655000000" деген сан "592000000" деген санмен ауыстырылсын;
11) 20-баптағы "16642653" деген сан "19592303" деген санмен ауыстырылсын;
12) "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын (қоса тіркеліп отыр).
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
"2000 жылға арналған республикалық
бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
8 қарашадағы № 95-ІI ҚРЗ Заңына
қосымша
"2000 жылға арналған республикалық
бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы
11 қарашадағы № 473-I Заңына
қосымша
Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған республикалық бюджеті
мың теңге
──────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Санат Атауы Сомасы
Сынып
Ішкі сынып
Еcекшелік
мың теңге