Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары аумағында рұқсатнамалар беру ережелері (ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 09.10.00 ж. № 409-1 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 253 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникациялар

министрінің

2000 жылғы 9 қазан № 409-1

бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары
аумағында рұқсатнамалар беру ережелерi
1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлары аумағында рұқсатнамалар беру жөніндегі ережелер (бұдан әрi - Ережелер)»Мемлекеттік шекара туралы»,»Қазақстан Республикасының кедендiк iсi туралы«,»Жемқорлыққа қарсы күрес туралы«заңдардың ережелерiн ИКАО тәжiрибесiмен ұсынылған стандарттарды «Әуе кеңiстiгiн пайдалану және Қазақстан Республикасының авиациялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығын және «Терроризм мен экстремизм көріністерiн ескерту және жою жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы Жарлығын іске асыру мақсатында әзiрлендi.

Осы Ережелер азаматтық авиация қауiпсiздiгiн заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі талаптар мен тәртіпті белгілейді және Қазақстан Республикасындағы халықаралық әуежайларда рұқсатнамалық және объектiішiлiк тәртiптi қамтамасыз етуге бағытталады.

Ережелер әуежайлардың, кеден, шекаралық және басқа да қызметтердің, авиакомпаниялардың, ұйымдардың, мекемелердiң жұмысшылары мен қызметкерлерiне, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелер басшылары мен авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң жұмысшыларына қол қойылып жеткiзіледi.

2. Ережелердiң талаптары:

1) әуежай объектiсiне, жолаушыларды, жүктердi және әуе кемесiн шекаралық және кедендік ресімдеу аймағына бөгде адамдардың кіруiн болдырмауды;

2) адамдар мен көлiк құралдарының шекаралық және кедендiк ресiмдеу аумағына (аумағынан), әуежай объектілерiне кiргенде (шыққанда) тәртiп сақтауды;

3) әуежай аумағындағы кедендік бақылау аймағында заңнаманы қолдану;

4) шекаралық және бақылау-өткізу бекеттерiнде шекаралық және рұқсатнамалық тәртiптi қадағалауды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.