Қазақстан Республикасында халықаралық авиарейстердің жолаушыларына қызмет көрсетудің ережелері (ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 09.10.00 ж. № 409-1 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 253 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникациялар

министрінің

2000 жылғы 9 қазан № 409-1

бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасында халықаралық авиарейстердiң
жолаушыларына қызмет көрсетудiң
ережелерi
1. Жалпы ережелер

1. Халықаралық авиарейстердің жолаушыларына қызмет көрсетудiң осы Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық авиарейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуге негiзгi талаптарды белгiлейдi.

2. Осы ережелерде пайдаланатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:

1) бақыланатын аймақ - әуежайлардың, аэродромның жұмыс алаңы және оларға жапсарлас аумақ, енуi бақыланатын қызмет ғимараттары, құрылыстар, қоймалар;

2) тазарту аймағы - тексеру, жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүкті, қол жүктi, қол жүгiн тексерудiң алғашқы бекетi мен әуе кемесiнiң арасындағы бақыланатын оған ену қатал бақыланатын аймақ бөлiгi;

3) транзиттiк аймақ - шекаралық бақылау бекетi мен әуе кемесiнiң арасындағы тазарту аймағының бөлiгi. Транзиттiк аймақ аумағында жолаушы, оның теңдеме жүгi, қол жүгi қосымша тексеруге, қайта тексеруге жатпайды. Транзиттiк аймаққа ену мүмкiндiгi белгіленген үлгiдегi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекаралық қызметінің келісімімен берiлген рұқсатнама бойынша қатаң түрде жүзеге асырылады;

4) бақылау тексерiсi - жолаушыларды, азаматтық әуе кемелерiнің мүшелерiн, қызмет көрсетушiлердi, қол жүгiн, почтаны және борттық қорды (бұдан әрi мәтiнде Тексеру), қару-жарақты, жарылғыш заттарды немесе заңсыз араласу әрекетiн жасауға пайдаланылуы мүмкiн басқа да қауiптi құрылғыларды табуға арналған техникалық құралдармен тексеру;

5) жалпылай тексеру аймағы - авиациялық қауіпсіздік қызметiн тексеру және кедендiк бақылау аймағы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.