ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 253 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2000 жылғы 9 қазан № 409-1
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының әуежайларындағы бизнес-залдарда
(СIР) жолаушыларға қызмет көрсету мен жұмысты ұйымдастыру
ережелерi
(Көлік және коммуникациялар министрінің 07.08.03 ж. № 246-І
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының әуежайларындағы бизнес-залдарда (СIР) жолаушыларға қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгiлейдi.
2. Бизнес зал бизнес-класс жолаушыларына және қызмет көрсету класын жақсартқысы келген жолаушыларға арналады.
3. Бизнес залдар арнайы қондырғылармен, сервистiк қызметтер көрсету мен жолаушылардың қауiпсiздiгiне қажеттi жағдайларға сәйкес бөлек шығулар және кiрулермен жабдықталуы керек. Жұмыс ережесi әуежай жұмысының тәртібіне сәйкес айқындалады.
Көлік және коммуникациялар министрінің 07.08.03 ж. № 246-І бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді
4. Бизнес залдарда жолаушыларға қызмет көрсету монополияға қарсы заңнамаға сәйкес бекітілген тарифтерiне сәйкес қолма-қол және аударым арқылы ақылы жүзеге асырылады.