Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есеп берушілігі туралы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 23 қазандағы № 697 қаулысы (күші жойылды)

Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi
жүзеге асыратын ұйымдардың есеп берушiлiгі туралы Қазақстан
Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының
2000 жылғы 23 қазандағы № 697 қаулысы

ҚР ҰБ Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 179 қаулысымен күші жойылды

Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын нарықтық бағалауға көшiруге байланысты, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын есеп берушiлiк нысандарын жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы № 3755 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 37) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:

1. Зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялардың және "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның (олар өздерiнiң зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi дербес жүзеге асырған кезде) Ұлттық комиссияға:

1) апта сайын, ағымдағы аптаның бейсенбi күнi алматы уақытымен 16.00 сағаттан кешiктiрмей өткен аптаның сейсенбi күнiнен бастап ағымдағы аптаның дүйсенбi күнiн қоса алғандағы кезеңдегi:

осы Қаулының 1-қосымшасындағы үлгi бойынша алғашқы-парақты;

осы Қаулының 2-қосымшасындағы үлгi бойынша зейнетақы активтерi инвестициялық басқаруға қабылданған әрбiр жеке жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша "таза" зейнетақы активтерiнiң құны туралы анықтама (есептi кезеңнiң әрбiр жеке күнтiзбелiк күннiң соңы жағдайы бойынша);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.