Қазақстан Республикасында Статистикалық есепті табыс ету тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 44 Бұйрығы (ереженің күші жойылды)

Қазақстан Республикасында Статистикалық есепті табыс ету тәртібін
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Статистика
жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 44 Бұйрығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 1999-2005 жылдарға арналған мемлекеттік статистиканы жетілдіру және оның құқықтық негізін одан әрі дамыту бағдарламасына сәйкес,

Бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасында Статистикалық есепті табыс етудің осыған қосылған тәртібі бекітілсін және ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркелімінде тіркелуде өткен және енгізілген кезден бастап күшіне енгізілсін.

2. Осы Тәртіптің күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау жөніндегі комитетінің 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 75 бұйрығымен бекітіліп, іс-әрекет еткен "Қазақстан Республикасында Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік статистикалық есепті табыс ету тәртібі туралы ереженің" күші осы Тәртіптің күшіне енген кезінен бастап жойылсын.

Төраға

Қазақстан Республикасы Статистика

жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы

26-маусымдағы № 44 бұйрығымен

Бекітілген

Қазақстан Республикасында

статистикалық есепті табыс ету

Тәртібі

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 ж. 10 шілдедегі № 72 бұйрығына сәйкес осы ереженің күші жойылды

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" (1997 жылғы 7-мамыр), "Шет елдік инвестициялар туралы" (1997 жылғы 27-желтоқсан), "Жеке кәсіпкерлік туралы" (1997 жылғы 19-маусым), "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" (1998 жылғы 31-наурыз) заңдарына, Қазақ КСР-нің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (1984 жылғы 22-наурыз) және басқа да заңдық кесімдерге сәйкес әзірленген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.