Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2. 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей толық төлеуге тиіс.

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәмiле нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылмайтын жағдайда, акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға құқылы.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, егер акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келетін жағдайда, шығару проспектісімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.

6. алып тасталды

 

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

25-1-бап. Субординарлық борыш

Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:

1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;

2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені өтеу не орындау туралы талапты ол туындаған кезден бастап бес жылдан ерте қоя алмайды;

3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы пруденциялық нормативтердің уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен қарай азаюына алып келмейтін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;

4) сақтандыру ұйымы таратылған кезде қамтамасыз етілмеген міндеттеме тоғызыншы кезекте, ал қайта сақтандыру ұйымы таратылған кезде жай акциялардың меншік иелері - акционерлер талап еткенге дейін осы Заңның 72-бабында айқындалған жетінші кезекте қанағаттандырылады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 26-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара);2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен; 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-бап жаңа редакцияда

26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы

1. Бірде-бір тұлға уəкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай өз бетінше немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, мыналарға:

жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленуге жəне (немесе) пайдалануға жəне (немесе) оларға билік етуге;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылауды жүзеге асыруға;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей жəне (немесе) жанама ықпал етуге (дауыс беруге) құқылы емес.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап:

Қазақстан Республикасының Үкіметіне;

ұлттық басқарушы холдингке;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды зейнетақы активтерінің есебінен иеленетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушыға;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаға, сондай-ақ көрсетілген туынды бағалы қағаздар эмитентіне;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары бойынша дивидендтер жəне (немесе) өзге де кіріс алуға ғана құқығы бар тұлғаға;

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабының 19-тармағында аталған өзге де тұлғаларға қолданылмайды.

Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылауды жүзеге асыратын немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей жəне (немесе) жанама ықпал ететін (дауыс беретін) тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ мұндай тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мəртебесін иеленуге келісім алу тəртібі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабында белгіленеді.

2. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мынадай шарттардың кез келгені болған:

1) аталған тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай бірлесіп ықпал еткен;

2) аталған тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болған;

3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді жəне (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сəйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уəкілеттік берген (міндеттеген);

4) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алу үшін өтеусіз ақша жəне (немесе) өзге де мүлік берген;

5) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның лауазымды тұлғасы болған;

6) өкіл өкілдік берген тұлғаның нұсқауларына қатаң сəйкестікте əрекет ететін жəне өкілдік берген тұлғаның атынан өз қалауы бойынша əрекеттер жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның өкілі болған;

7) аталған тұлғалардың бірі жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) болған;

8) аталған тұлғалар уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал еткен кезде бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сəйкес банк конгломератына кіретін жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сəйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.

3. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін тұлғалар мынадай шарттардың кез келгені болған:

1) аталған тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа (растайтын құжаттарға) орай бірлесіп ықпал еткен;

2) аталған тұлғалар жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болған;

3) брокерлік қызметтерді, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтерді жəне (немесе) бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға өздерінің арасында жасалған шартқа сəйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды сатып алуға уəкілеттік берген (міндеттеген);

4) аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы сатып алу үшін өтеусіз ақша жəне (немесе) өзге де мүлік берген;

5) өкіл өкілдік берген тұлғаның нұсқауларына қатаң сəйкестікте əрекет ететін жəне өкілдік берген тұлғаның атынан өз қалауы бойынша əрекеттер жасауға құқылы емес жағдайларды қоспағанда, аталған тұлғалардың бірі басқа аталған тұлғаның өкілі болған;

6) аталған тұлғалар уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өзгеше түрде бірлесіп ықпал еткен кезде бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.

4. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған туынды бағалы қағаздар арқылы тікелей жəне (немесе) жанама иеленетін жəне (немесе) пайдаланатын жəне (немесе) оларға билік ететін, тек қана:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру;

2) директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда, оны шақыру туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының күн тəртібіне қосымша мəселелерді енгізу;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің отырысын шақыру;

5) аудиторлық ұйымның өз есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргізу мəселелері бойынша бірлескен шешімдер қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған шарт негізінде əрекет ететін тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі деп танылмайды.

5. Тұлға уəкілетті органның жазбаша келісімінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сай бола бастаған жағдайда, мұндай тұлға «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5-бабына сəйкес уəкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін өзі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қабылданатын шешімдерге ықпал етуге бағытталған ешқандай əрекет жасауға жəне (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы дауыс беруге құқылы емес.

Уəкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сай келетін тұлғаға уəкілетті органның жазбаша келісімінсіз осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, осы Заңның 53-4-бабында көзделген мəжбүрлеу шараларын қолдануға, оның ішінде аталған тұлғадан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын жəне (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды өткізуді талап етуге құқылы.

6. Уəкілетті орган тұлғаның уəкілетті органның жазбаша келісімінсіз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысының белгілеріне сай келетіні туралы мəліметтерді растайтын немесе теріске шығаратын ақпаратты талап етуге құқылы.

Уəкілетті орган көрсетілген ақпаратқа ие кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғаның бақылауындағы кез келген ұйымнан оны талап ете алады.

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын, оның ішінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шығарылған, базалық активі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар арқылы иеленетін тұлғалар құрамының өзгеруі туралы уəкілетті органды осы фактіні өзі анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылатын резидент жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға міндетті.

9. Банктің сақтандыру холдингі, акциялары банк Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру жүргізген кезде сатып алынған немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68, 97 жəне 98-баптарында көзделген операцияны жүзеге асыру кезінде берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мəртебесін иеленуіне уəкілетті органның келісімі операция бағалы қағаздарды ұстаушылардың (номиналды ұстау) тізілімдері жүйесінде тіркелгеннен кейін берілген болып есептеледі.

 

26-1-бап. 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен;2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27- бап өзгертілді

27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті органға мынадай құжаттар табыс етiледi:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;

2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екі қаржы жылына қаржылық есептілік, құжаттарды ұсынар алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылатын құрылтайшы - заңды тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында аяқталған соңғы екі қаржы жылына қаржылық есептілік орналастырылған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылатын көздер мен ақша сомасының сипаттамасын қоса алғанда, құрылтайшы жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мəліметтер.

Жеке тұлға құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу (жарғылық капиталын төлеу) үшін пайдалануы мүмкін қаражат көздері «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-5-бабының 7-тармағында айқындалған;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін, еншілес ұйым құруға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға ие болуға рұқсат алуы қажет болған жағдайда, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-5 жəне 9-6-баптарында көзделген құжаттар мен мәліметтер;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) бизнес-жоспар.

6-1) 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.

Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттік органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаттың заңдық күші болады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Өтініш беруші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат берілген күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алмаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың, сондай-ақ еншілес ұйым құруға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсаттардың және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісімнің күші жойылды деп есептеледі.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш берушіге және Корпорацияға жіберіледі.

8. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28- бап өзгертілді

28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартуға:

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) ұсынылған құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуіне ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;

2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;

3) уәкiлеттi органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлу;