Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымынан тағайындалған жағдайда, Жоғарғы Соттың Төрағасы, сот алқаларының төрағалары өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн, егер олар тиісінше басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған немесе сайланбаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.

Тиiстi сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.

Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда осындай лауазымға тағайындалмаған Жоғарғы Соттың судьясы лауазымынан тағайындалған жағдайда, Жоғарғы Соттың Төрағасы, сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 8-тармақ өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған кезде осы сот судьялары өздерінің келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкін.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1. Осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судьяны басқа сотқа ауыстыру кезінде судья өзінің келісімімен жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа судьяның бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкін.

2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақпен толықтырылды; 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша лауазымынан босатылған жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымынан тағайындалған жағдайда, Жоғарғы Соттың Төрағасы, сот алқаларының төрағалары тиісті сот судьясының өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.

Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.

Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда Жоғарғы Соттың судьясы лауазымынан тағайындалған жағдайда, Жоғарғы Соттың Төрағасы, сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10. Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау мәселелерін Жоғары Сот Кеңесі қарайды.

 

32-бап. Судьяның ант беруi

1. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi:

«Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн».

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен ант береді.

Жоғарғы Соттың судьялары Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында ант береді.

3. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Облыстық соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы мен судьясы, аудандық соттың төрағасы мен судьясы қызметіне алғаш рет тағайындалған адамдар облыстық соттың жалпы отырысында ант береді.

Судья төраға не сот алқасының төрағасы немесе басқа соттың судьясы болып тағайындалған кезде қайтадан ант бермейді.

 

33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру

1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) партиялық тізімдерге енгізу жағдайларын қоспағанда, судья «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген тәртіппен кандидат ретінде тіркелсе;

2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) судья Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалса;

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) саяси партияға кіру ниетінің болуына байланысты судья лауазымынан босату туралы өтініш берілсе;

2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;

3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келісім берiлсе;

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)

3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешiмi болса;

3-2) 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) басқа жұмысқа ауысса;

2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берсе, тоқтатыла тұрады.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды:

Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президенті;

Қазақстан Республикасының қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы жүзеге асырады.

Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы уәкілетті органның растайтын құжат қоса берілген хабарының негізінде судьяның өкілеттігін тоқтата тұру мәселелерін қарайды.

2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылы

2-1. Судьяның өкілеттігі тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымындағы өкілеттігі тоқтатыла тұрады.

2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылы

2-2. Судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берген кезде оның өкілеттігі осы өтініш берілген күннен бастап бір ай өткен соң тоқтатыла тұрады.

2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылы (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-3. Судья Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалған кезде оның судья атағы мен судьялар қоғамдастығына жататыны сақтала отырып, өкілеттігі тоқтатыла тұрады.

3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.

 

2006.11.12. № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 34-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату

1. Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкiлеттiктерін тоқтату негiздері:

1) судьяның орнынан түсуі;

2) судьяның өз тілегі бойынша лауазымынан босауы;

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) саяси партияға кіруі;

3) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы;

4) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмiнің заңды күшiне енуі;

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы;

6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;

7) судьяның қайтыс болуы немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнің заңды күшiне енуі;

2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

8) судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы;

2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда; 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судьяның жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауысудан бас тартуы;

2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда; 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкілеттік мерзімінің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот төрағасының, сот алқасы төрағасының жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауысудан бас тартуы;

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)

11) кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмi;

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)

11-1) судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі;

12) зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толуы.

2. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша, не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған кезде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Осы Конституциялық заңда көзделген негіздер туындаған кезде Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасының соттары төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды.

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда Жоғары Сот Кеңесі уәкілетті органның растайтын құжат қоса берілген хабарының негізінде судьяның өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды.

3. Судья лауазымынан босату туралы шешiм:

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді  (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1) Жоғарғы Соттың судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Құрылтайының қаулысымен;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) Жоғарғы Соттың Төрағасына, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.

2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Судья лауазымынан босату бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.

Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымынан оның өз еркі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң аяқталуы бойынша босату оны осы соттың судьясы лауазымынан босатуға әкеп соқпайды.

Тиісті сотта судьяның бос лауазымы болмаған жағдайда төраға немесе сот алқасының төрағасы оның келісуімен осы Конституциялық заңның 31-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың осы баптың 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздері теріс уәждер деп танылады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 14 шілдедегі № 22-НҚ нормативтік қаулысымен төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын:

кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сай келмейді деген теріс себеппен өкілеттіктің тоқтатылуы лауазымынан босатылған судья үшін құқықтық салдарға әкеп соғу «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы шеңберінде ғана болуға тиіс; көрсетілген себеппен судья лауазымынан босатылған азамат өзге де салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыра алады.

 

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-1-баппен толықтырылды; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

34-1-бап. Судья лауазымында болудың шекті жасы

2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Судья Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде оның шекті жасқа толғанға дейін судья лауазымында одан әрі болуына Жоғары Сот Кеңесі рұқсат етеді.

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Судья лауазымында болуға оның шекті жасқа - алпыс бес жасқа толуына дейін жол беріледі, бұл айрықша жағдайларда осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

 

2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

35-бап. Судьяның орнынан түсуi

2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мiнсiз беделi, кемiнде жиырма жыл судьялық жұмыс өтiлi бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығына жататынын, жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiн және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерiн сақтай отырып, лауазымынан құрметпен кету нысанында судья өкiлеттiктерінің тоқтатылуы отставка болып табылады.

Судьяны орнынан түсу нысанында лауазымынан босату судьяның Жоғары Сот Кеңесіне орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Судьяның орнынан түсу туралы өтінішін қарау тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.

2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1-1. Қазақстан Республикасының Президенті басқа лауазымға немесе Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындауға байланысты өз өкілеттігін тоқтатқан судьяның осы бапта белгіленген талаптарға сай келген жағдайда орнынан түсуге және осы бапта көзделген төлемдер мен кепілдіктерге құқығы бар.

2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Отставкаға шыққан кезде судьяға жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы шығу жәрдемақысы төленедi.

2015.31.07. № 341-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.20.04. № 225-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына қатысты 2025 ж. 1 қаңтардан бастап) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді

Кассациялық соттардың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына қатысты 2026 ж. 1 қаңтардан бастап (болашақ редакцияны қараңыз)

Аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына қатысты 2027 ж. 1 қаңтардан бастап (болашақ редакцияны қараңыз)

2-1. Отставка тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайлардан басқа кезде, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяға судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының елу пайызы мөлшерінде салық салынбайтын өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төленеді.

Жиырма жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін, ал 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяларға - он бес жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының бір пайызына ұлғайтылады.

Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының ең жоғары мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының алпыс бес пайызынан аспауға тиіс.

Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның мөлшері көрсетілген қамтылымды төлеуге өтініш берілген күнге қолданыста болатын, судьялар үшін еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес соңғы атқарған лауазымы бойынша есептеледі.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен судьялардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері арттырылған кезде тиісінше өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды қайта есептеу жүргізіледі.

Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Отставкадағы судьяның өз жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

2-2. 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Судьяның отставкасы:

1) ол қылмыс жасаған немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасаған;

2) саяси партияға кірген;

3) өз тілегі бойынша;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

5) ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда тоқтатылады.

Жоғары Сот Кеңесі:

1) егер отставкадағы судья «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген тәртіппен кандидат ретінде тіркелсе;

2) судья лауазымына қайта тағайындалған жағдайда;

3) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген судьяның отставкасын тоқтату негіздері қаралғанға дейін;

4) егер отставкадағы судья «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайланса, судьяның отставкасын тоқтата тұруды жүзеге асырады.

Егер судьяның отставкасын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның отставкасы қалпына келтіріледі.

2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)