Мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ауылдық жерде
жұмыс істегені үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін, сынып
жетекшілігі үшін, дәптерлер, жазба жұмыстарын тексергені үшін, оқу
кабинеттерінің меңгерушілігі үшін, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін
қосымша ақы және басқа да төлемдер туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1927 қаулысы
ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 41 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ауылдық жерде жұмыс істегені үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер, жазба жұмыстарын тексергені үшін, оқу кабинеттерінің меңгерушілігі үшін, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін қосымша ақы және басқа да төлемдер мөлшері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
1) "Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне селолық жерлерде жұмыс істегені үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін, сынып жетекшілігі үшін, жазба жұмыстарын, дәптерлерін тексергені үшін, оқу кабинетінің меңгерушілігі үшін, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін қосымша ақы мен басқа да төлемдер туралы" 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1876
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 534-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1876 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2000 жылғы 18 қаңтардағы № 90 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 33-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Үкіметінің 2000 жылғы
29 желтоқсандағы № 1927
қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ауылдық
жерде жұмыс істегені үшін, экологиялық апат аймағында тұрғаны
үшін, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер, жазба жұмыстарын
тексергені үшін, оқу кабинеттерінің меңгерушілігі үшін, пәндерді
тереңдетіп оқытқаны үшін қосымша ақы және басқа да төлемдер
мөлшері
Ескертулер:
1. Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн білім беру мамандарына жергiлiктi
өкiлдi органдардың шешiмi бойынша қала жағдайында қызметтiң осы түрiмен
айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде 25 пайыз
жоғары жалақылар мен ставкалар белгiленуi мүмкiн.
2. Экологиялық зiлзала және радиациялық қаупi бар аймақтарда тұрғаны
үшiн қосымша ақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленедi.
3. Осы Қосымшаның 1-31-тармақтарында көзделген қосымша ақының
мөлшерi басқа қосымша ақылар мен үстеме ақылар есептелмей, лауазымдық
жалақыға (тарифтiк ставкаға) төленедi.
4. Бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан
Республикасының жоғары біліктi ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы
уәкiлеттi органы берген тиiстi дипломы болған жағдайда, ғылым кандидаты
және ғылым докторы ғылыми дәрежелерi үшiн - ғылым кандидатына бiр айлық
ең төменгi жалақы және ғылым докторына екi айлық ең төменгi жалақы
мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi.
Осы қосымша ақы білім беру ұйымдарының қызметкерлерiне, егер олардың
басшы және педагогикалық лауазымдардағы қызметi бейiнi бойынша ғылыми
дәрежесiне сәйкес келген жағдайда жүргiзiледi.
5. Педагогтік жұмыс жүргізуші білім беру ұйымдарының
қызметкерлеріне, "Халық мұғалімі", "Еңбек сіңірген мұғалім" деген
құрметті атақтары немесе ғылыми дәрежесі болған ретте, қосымша ақы мен
үстеме ақы негізгі жұмысы бойынша төленеді.
Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, "Халық мұғалімі", "Еңбек
сіңірген мұғалім" деген құрметті атақтары және сонымен бірге ғылыми
дәрежесі болған ретте, қосымша ақы мен үстеме ақы негізгі жұмысы бойынша
атағына да, ғылыми дәрежесіне де жеке төленеді.
6. Мектептер мен мектеп-интернаттардағы (даму және оқу мүмкіндігі
шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарынан басқа) 15-тен кем
оқушысы бар сыныптарда сынып жетекшілігі және жазба жұмыстарын тексергені
үшін лауазымдық жалақыларына (ставкаларына) қосымша ақы төлеу тиісті
қосымша ақылардың 50%-ы мөлшерінде жүргізіледі. Осы тәртіп сыныптарды
кіші топтарға бөлу кезінде де қолданылады.
7. Оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезінде
педагог қызметкерлерге еңбекке ақы төлеу каникул басталар алдындағы
тарифтеу кезінде белгіленген еңбекақы есебімен жүргізіледі.
* Лауазымдық жалақыларына қосымша ақы төленетін қызметкерлердің
нақты тізбесі және бұл көтеру мөлшерін олардың көрсетілген санаттағы
оқушылармен (тәрбиеленушілермен, балалармен) қарым-қатынасының ұзақтығы
дәрежесіне қарай ұйым басшысы айқындайды.
** Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған балалар үйлеріндегі, балалар үйлері-интернаттарындағы,
мектеп-интернаттардағы және тәні немесе ақыл-ойы дамуында кемістіктері
бар, ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін, психикалық дамуы тежеулі балалар
топтастырылған балалар үйлеріндегі (сыныптарындағы, топтарындағы)
тарифтік ставкалар мен лауазымдық жалақылар екі негізде арттырылады
(жетім балалармен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс
үшін және дамуы мен оқу мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс үшін).