Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның (Чикаго, 1944 жыл) төрт тілдегі бірдей мәтіні туралы Хаттама (Монреаль, 30 қыркүйек 1977 жыл)

Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның (Чикаго, 1944 жыл)
төрт тілдегі бірдей мәтіні туралы
Хаттама
(Монреаль, 30 қыркүйек 1977 жыл)

 

2001 жылғы 7 мамырдағы № 192-II Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілді

 

ТӨМЕНДЕ ҚОЛ ҚОЙҒАН YКІМЕТТЕР

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының 21-шi сессиясы осы Ұйымның Кеңесiне «оны 1977 жылдан кешiктiрмей қабылдау мақсатында Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның орыс тіліндегі бiрдей мәтiнiн дайындау жөнiндегі қажеттi шараларды жүргiзудi» ұсынғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның ағылшын тіліндегі мәтiнi қол қою үшiн ашылғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда жасалған, Буэнос-Айресте 1968 жылғы 24 қыркүйекте қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның үш тiлдегi бiрдей мәтiнi туралы Хаттамаға сәйкес Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (төменде «Конвенция» деп аталатын) ағылшын тіліндегi мәтiнiмен бiрге Конвенцияның қорытынды ережесiнде көзделгенiндей осы үш тiлде бiрдей тең мәтiндi құрайтын испан және француз тiлдерiндегi мәтiнi қабылданғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

тиiсiнше, Конвенцияның орыс тіліндегi мәтiнiнiң болуы туралы қажетті ережелердi көздеу орынды екендiгiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

мұндай ережелердi қабылдау кезiнде мәтiндерi бiрдей тең болып табылатын және әрқайсысы Конвенцияның 94 (а) бабына сәйкес тек оны бекiткен мемлекетке қатысты ғана күшiне енуi мүмкiн ағылшын, испан және француз тiлдерiндегi Конвенцияға түзетулер болуын ескеру қажеттiгiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

Төмендегiлер туралы келiстi:

 

І-бап

Осы Хаттамаға қоса берiлiп отырған орыс тіліндегi Конвенцияның мәтiнi мен оған түзетулердiң мәтiндерi ағылшын, испан және француз тiлдерiндегi Конвенцияның мәтiндерiмен және оларға түзетулермен бiрге осы төрт тiлде бiрдей тең мәтiндi құрайды.

ІІ-бап

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.