«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы (2026.14.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

9) мəслихат сессияларын, мəслихаттың тұрақты жəне уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

10) мəслихат шешімдерінің жобаларын, мəслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі жəне мəслихат төрағасы немесе мəслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

2-1-тарау. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

3-тарау. Әкімдер және әкімдіктер. Құрылуы, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы

 

26-бап. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдіктері. Құрылуы және құрамы

1. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттік саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.

2. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдікті астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі басқарады.

3. Әкiм облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдікті әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің отырыстарын дайындау және өткізу, сондай-ақ оның шешімдер қабылдау тәртібі әкімдіктің регламентінде айқындалады. Yлгілік регламентті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

5. Әкімдіктің дербес құрамы облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихат сессиясының шешiмiмен келісіледi.

6. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала Әкімдігінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.

7. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдік алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.

 

25.04.01 ж. № 179-II; 24.12.01 ж № 276-II; 11.05.04 ж. № 552-II (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 21.12.04 ж. № 15-III (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен;2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен; 2007.19.06. № 264-III ҚР Заңымен; 2007.21.07. № 307-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен  (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара);2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 239-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді

27-бап. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала Әкімдігінің құзыретi

1. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала Әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;

1-1) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;

1-3) тиісті мәслихатқа және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиясына облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді;

1-4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған тиісті бюджеттер туралы шешімдерін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;

1-5) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-6) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1-7) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджеттік комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралған жағдайда, бюджеттік комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;

1-8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарын бекітеді;

1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;

1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

1-11) атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;

1-12) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлейдi және мақұлдайды, астананы, облысты, республикалық маңызы бар қаланы дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етедi;

1-13) жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді және тиісті аумақтағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

1-14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда тиісті аумақтың шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-15) тармақшамен толықтырылды; 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-15) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді;

2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-16) тармақшамен толықтырылды

1-16) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жерлеудің және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;

2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1-17) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидалар негізінде өңірлік нышан жобасын әзірлейді;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1-18) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-18) жануарларды ұстау қағидаларын, үй жануарларын ұстау жəне серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау жəне жансыздандыру қағидаларын, жануарлар ұсталатын санитариялық аймақтардың шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды əзірлейді жəне тиісті мəслихатқа бекітуге ұсынады;

2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі актілерінiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

2024.06.05. № 79-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

4) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылды

4-1) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;

4-2) аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады;

4-3) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-4) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындайды және бекітеді;

2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;

2024.06.05. № 79-VIII ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-6) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін жағдайлар жасайды;

2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 4-7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

4-7) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдайды;

5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының қарауына енгiзедi; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылысжайларды, оның ішінде байланыс құрылысжайларын салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды сатудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекіту үшiн ұсынады;

2012.13.01. № 542-IV Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделi жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асырады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн, байланыс желілерін салу мен пайдалануды ұйымдастырады;

7-1) 2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-2) коммуналдық меншіктегі әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 7-3) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7-3) байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына, байланыс желілеріне арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін олардың өтініші бойынша электрмен жабдықтау жүргізілген орындарды береді;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-4) шұғыл қызметтер жүйелерінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етеді;

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 7-5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

7-5) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, қолдау жəне жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге жəне оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын тұрғын үй қатынастары жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен субсидиялайды;

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 7-6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

7-6) сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру ұйымдарының сарқынды суларды тазарту құрылысжайлары кешендерін салу жəне реконструкциялау жобаларын іске асыру үшін тартылған облигациялық қарыздарды өтеуге жəне оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялайды;

2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 7-7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-7) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық жəне жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне жəне туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды жəне оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

8) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды

8-2) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды, қайта өңдеудi және кәдеге жаратуды ұйымдастырады;

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды

8-3) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру туралы шешім қабылдайды;

2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9) өз құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады, II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтіп-ұстауды, соның ішінде автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жол активтерінің цифрлық платформасын толықтыруды қамтамасыз етедi;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) ұлттық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етедi;

11-1) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

12) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

13) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды, оның ішінде өңірді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету нормативтерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 14-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14-2) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін, медицина қызметкерлері біліктілігінің уақтылы арттырылуын бақылауды жүзеге асырады, жас мамандарды бөлуге қатысады;

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

14-3) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

14-4) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 14-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

14-5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінде сотталғандарға медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарды (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар) ұйымдастырады;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 14-6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

14-6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 14-7) тармақшамен толықтырылды

14-7) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 14-8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

14-8) ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындайды;

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 14-9) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

14-9) кемінде бес жыл мерзімге ауылдық жерге жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуді қамтамасыз етеді;

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 14-10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

14-10) Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес адамдардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттің жарналарын төлеуді жүзеге асырады;

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

15) азаматтардың тегін білім алу, оның ішінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқықтарын іске асыруын қамтамасыз етеді;

2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

15-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;

2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

15-2) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, бастауыш, негізгі орта және кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;

16) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

16-1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 16-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;

17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-1) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады;

2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды

17-2) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, сондай-ақ бюджет есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 17-3) - 17-7) тармақшалармен толықтырылды

17-3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілейді;

17-4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;

17-5) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

17-6) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;

17-7) пробация қызметінің есебінде тұрған мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;