«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы (2026.14.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2) тиісті астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында халықтың экологиялық қауіпсіздігін және табиғи экологиялық жүйелердің элементтерін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді;

3) «жасыл экономика» саласында жаңа технологияларды ынталандыру шараларын айқындайды.

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-9-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-9. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі:

1) Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, тұрғын секторда қорғаныш конструкциялары мен реттеуші элементтерді (шлагбаумдар және басқа да қоршаулар) орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2) қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді;

3) жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды;

4) республикалық маңызы бар қалаларды, астананы дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

5) 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

6) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ерекшеліктері ескерілетін қосымша талаптарды ескере отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органына бекітуге ұсынады;

7) жылумен, энергиямен, сумен және газбен жабдықтау, кәріз және су бұру жүйелерінің, жол қызметінің, қалалық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің тиімді жұмыс істеуі, қаланы абаттандыру, көгалдандыру, санитариялық тазарту, сондай-ақ тұрғын үй қорын инженерлік қамтамасыз ету, пайдалану және жөндеу саласындағы қызметті үйлестіреді;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жəне жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған əлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-3) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;

8) мүдделі орталық уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша жеке және заңды тұлғалардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сауда, ойын-сауық, қонақүй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

9) дизайн-кодты əзірлейді жəне бекітеді;

2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10) тұрғын үй қатынастары жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіпке сəйкес жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беруді жəне бөлуді жүзеге асырады;

2. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкiмдiгi жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігі астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатының алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.

 

2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 28-бап өзгертілді

28-бап. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімін қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртібі

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Президенті астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін, тиісінше, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен лауазымға тағайындайды.

2. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімін Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.

3. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.

 

ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 29-бап өзгертілді

29-бап. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінiң құзыретi

1. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мүддесiн білдiредi;

1-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;

1-2) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;

2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілерін, облыс әкімі мен Әкімдігінің актілерін олардың орындауға қатысты бөлiгіндегі қызметi туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерін орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметіне тиiстi қорытынды енгізуге құқылы;

2-1) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) тиiстi адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;

3-1) тиісті мәслихатқа «Облыстың (қаланың) құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді;

2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді

4) мына лауазымды адамдарды:

жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінiң орынбасарларын;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысанды киім киіп жүру құқығы берілген және әскери немесе өзге арнаулы атақ берілетін басшыларды қоспағанда, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын;

4-1) 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2) Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен келісу бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілін тағайындайды және қызметтен босатады;

2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымында оған есеп беретін жəне оның бақылауында болатын, аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орналасатын балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімдерді құрады жəне олардың қызметін ұйымдастырады;

5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;

6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) Әкімдіктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;

7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді;

 9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекітуге ұсынады;

10) алынып тасталды

2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы, Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызмет өткеруі салаларындағы, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы, сондай-ақ азаматтық қорғау туралы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттік меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен тең дәрежеде келісім-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады.

13) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады;

14) спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды;

15) 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

16) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды, бастауыш, негізгі орта және кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру ұйымдарын, интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ авариялық жағдайға жол бермеу және (немесе) сейсмикалық беріктігін арттыру мақсатында олардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

17) тиісті аумақтың білім беруді дамыту жоспарының жобасын әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынады.

2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1-1. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында полиция органдарының жедел-іздестіру және процестік қызметіне араласпай, олардың алдына құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қояды, жылына кемінде бір рет полиция департаменті басшысының тиісті есептерін тыңдайды.

2. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.

4. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша және облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдік құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі алдында жауап бередi.

 

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды

29-1-бап. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппараты басшысының құзыреті

Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімі аппаратының басшысы:

1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;

2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

4) аппараттағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;

9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

10) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

10-1) мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға жетекшілік етуді жүзеге асырады.

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктер. Құрылуы және құрамы

1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпымемлекеттік саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімi басқарады.

3. Әкім аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімiнің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктің отырыстарын дайындау және өткізу, сондай-ақ оның шешімдер қабылдау тәртібі әкімдіктің регламентінде айқындалады. Үлгілік регламентті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

5. Әкімдіктің дербес құрамы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.

6. Аудан әкімдігінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.

7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.

11.05.04 ж. № 552-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 21.12.04 ж. № 15-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді

31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің құзыреті

1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен  алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен  1-1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;

1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етеді;

1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;

1-4) 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-5) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралған жағдайда, бюджеттік комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;

1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекітеді;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-8) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-8) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлейді және мәслихаттың бекітуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;

1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;

1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-11) тармақшамен толықтырылды

1-11) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1-12) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-12) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1-13) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-13) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жəне жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған əлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;

2026.19.05. № 292-VIII ҚР Заңымен 1-14) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-14) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;

2) заңдарға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктің тізбесін айқындайды;

2-2) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;

2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылды

4-1) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-2) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындайды және бекітеді;

2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;

2024.18.07. № 126-VІІІ ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

4-4) электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдайды;

5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)