6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылысжайларды, оның ішінде байланыс құрылысжайларын салуға рұқсат береді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектілерін, байланыс желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-1) байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына, байланыс желілеріне арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін олардың өтініші бойынша электрмен жабдықтау жүргізілген орындарды береді;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) шұғыл қызметтер жүйелерінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етеді;
8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөніндегі iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
9) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған елді мекендерде, мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде ілеспе дыбыс және жарық сигналдары бар арнаулы бағдаршамдарды, жол белгілерін және нұсқағыштарды, дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуды қамтамасыз етеді;
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайларын салуды жəне олардың берілуін ұйымдастырады;
12-1) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
12-3) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
12-4) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
12-5) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
12-6) 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12-7) Қазақстан Республикасының заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
12-8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 12-9) тармақшамен толықтырылды
12-9) су басқан аймақтарда тұрғын үйді пайдалану орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру, төтенше жағдайлардың ықтималдығы кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, су басқан аймақтардан халықты уақытша қоныс аударту үшін тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларды қаржыландырады және іске асырады;
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 12-10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
12-10) тұрғын үй қатынастары жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіпке сəйкес жалғыз тұрғынжайы авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беруді жəне бөлуді жүзеге асырады;
13) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару саласындағы қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 14-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды
14-4) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;
15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5) тармақшалармен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып, пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы шешімінің негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан немесе кондоминиум объектісін басқару субьектісінен тиісті өтініш келіп түскен кезде қамтамасыз етеді;
2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 16-2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-2) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 16-3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-3) көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, жергілікті бюджет қаражаты болған кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді ұйымдастыру мен қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
16-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-5) тармақша өзгертілді; 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 16-5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-5) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-1) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сəйкес өз құзыреті шегінде цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсетеді;
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;
18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
19) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;
21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетке толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асырады;
2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында терроризм мен экстремизм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады жəне олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды
27) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 27-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
27-2) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 27-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
27-3) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
28) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды
29) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды
30) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30-1) тармақша өзгертілді
30-1) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды
30-2) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда қорытынды береді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31) шетел азаматтары үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады. Шетел азаматтары үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітетін, шетел азаматтары үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларының негізінде әзірленеді;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 32) тармақшамен толықтырылды
32) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды ұйымдастырады;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды
33) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 34) - 42) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
34) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
2026.03.06. № 295-VIII ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
34-1) өз құзыреті шегінде еңбек, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
35) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырады;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау және өзге де көмек жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлейді;
37) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру тиімділігінің индикаторларын әзірлейді;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
39) аудандарда және қалалардағы аудандарда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан отбасын қолдау орталықтарын құрады және (немесе) олардың қызметін ұйымдастырады;
40) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қатысқан кезде оларды ерте анықтау мен қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды құрады және (немесе) ұйымдастырады;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау мен өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;
42) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтайды және есепке алуды жүргізеді, олардың статистикалық деректерін жинауды жүзеге асырады, себептерін талдауды, жүйелі мониторингтеуді жүргізеді;
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
42-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру жəне олардың қызметі үшін ұйымдастырушылық жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 42-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
42-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға тікелей қатысу құқығын іске асыруы үшін жағдай жасайды;
2026.14.07. № 350-VIII ҚР Заңымен 42-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
42-3) жергілікті қоғамдастықтардың мүшелеріне осы Заңға сəйкес олардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысу жөніндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 43) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
43) дизайн-кодты əзірлейді жəне бекітеді.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін дайындайды және облыс әкімдігіне ұсынады, сондай-ақ ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжайлар салынған кезде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады.
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгі жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдік өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.
4. Осы бапта аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) Әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеге асырады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 32-бап жаңа редакцияда
32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін тағайындау, лауазымынан босату және өкілеттігін тоқтату тәртібі
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін:
облыс әкімі осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісінше аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен тағайындайды;
облыс әкімі не Қазақстан Республикасының Президенті өз қалауы бойынша оның өкілеттігін тоқтатады және лауазымынан босатады.
32-1-бап. 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр. ред. қара)
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
32-2-бап. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі
1. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімін:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен облыстық маңызы бар қала әкімі лауазымға тағайындайды;
2) облыстық маңызы бар қала әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және лауазымынан босатады.
2. Республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымға тағайындайды;
2) республикалық маңызы бар қала және астана әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және лауазымынан босатады.
11.05.04 ж. № 552-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң құзыретi
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: