Жоғары ғылыми-педагогикалық білім (магистратура) туралы Ереженi
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 1035 бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрінің 2005.16.05. № 303 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 311 Бұйрығымен күші жойылды
Жоғары кәсiби білім беретін білім ұйымдарында жоғары ғылыми-педагогикалық білiмнiң оқу-кәсiптiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген "Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлім (магистратура) туралы Ереже" бекітілсін.
2. Жоғары білiм департаментi (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсін.
Білім және ғылым
министрлігінiң
2000 жылғы 1 қарашадағы
№ 1035 бұйрығымен