Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 наурыздағы № 320 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 2 наурыздағы № 320 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы .№ 206 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

1) Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

     Жандосов                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Ораз Әлиұлы                  Министрінің орынбасары, төраға
     Ахметов                    - Қазақстан Республикасының Білім және
     Әшімжан Сүлейменұлы          ғылым вице-министрі
     Имашева                    - Қазақстан Республикасының
     Сағадат Оңғарбайқызы         Статистика жөніндегі агенттігінің
                                  бөлім бастығы, жауапты хатшы;

2) көрсетілген құрамнан Ержан Әбілқайырұлы Өтембаев, Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Мырзақасым Ниязбекұлы Байбеков шығарылсын;

     3) мынадай жолдар:
     "Құлекеев               - Қазақстан Республикасының Экономика
     Жақсыбек Әбдірахметұлы    министрі
     Нефедов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика,
     Петр Петрович             индустрия және сауда вице-министрі"
     мынадай редакцияда жазылсын:
     "Құлекеев               - Қазақстан Республикасының Экономика
     Жақсыбек Әбдірахметұлы    және сауда министрі
     Нефедов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика
     Петр Петрович             және минералдық ресурстар
                               вице-министрі".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі