ҚР резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге ҚР резидент банкінің,
ҚР еншiлес банкiн ашатын (еншiлес банкi бар) ҚР резидент емес банктерi
акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын
банктердiң ең аз талап қойылатын рейтингiн және осындай рейтингті,
сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе резидент банктердiң
тiкелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлерi болып табылатын
оффшорлық аймақтарда тiркелген қосылма тұлғалары бар резидент емес
банктердiң рейтингін белгілейтiн рейтинг агенттіктерiнiң тiзбесiн бекіту
туралы ҚР ҰБ Басқармасының 2001 жылғы 16 сәуірдегі № 96 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003.04.07. № 222 қаулысымен күші жойылды
Банктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 5 және 6-тармақтарына және 18-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкінің, Қазақстан Республикасында еншiлес банкiн ашатын (еншiлес банкi бар) Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң Қазақстан Республикасына берiлген рейтингтен төмен емес ең аз талап қойылатын рейтингi болуы тиiс деп белгiленсiн.
Бұл тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен басқа мемлекеттiң банктердi қадағалайтын уәкiлеттi органы арасындағы келісімде басқаша көзделген жағдайларда қолданылмайды.