ақпандағы № 54 бұйрығымен
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекет жасау құқығын беретін
лицензияларды беру, күшiн тоқтату және керi шақыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
(ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 12.11.02 ж. № 95
бұйрығымен енгізілген өзгерістреімен)
1. Жалпы ережелер
1. Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беру, күшiн тоқтату және керi шақыру туралы осы ережелер (бұдан әрi - Ережелер) лицензиялау туралы заңнамаға және "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) сәйкес әзiрлендi және кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды берудiң, күшiн тоқтатудың және керi шақырудың тәртібін анықтайды.
2. Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды (бұдан әрi - лицензиялар) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) бередi.
3. Лицензиялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында тұрғылықты орны бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 маусымдағы № 959 қаулысында бекітілген біліктiлiк талаптарға жауап беретiн және осы Ережелердiң 2-бөлiгiнде көрсетiлген заңды тұлғаларға осы Ережелерге қатысты 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысанда берiледi.
2. Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыруға
қойылатын біліктiлiк талаптар
4. Кедендiк брокер ретiнде iс-әрекеттi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшiн заңды тұлғалар мынадай біліктiлiк талаптарға жауап беруi тиiс:
1) штатта белгiленген тәртiпте біліктiлiк аттестат алған кедендiк ресiмдеу жөніндегі маманның болуы;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.