бекітілді
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісі
көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін
тауарларды кедендік ресімдеудің
Тәртібі
(ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден
комитеті төрағасының 12.10.01 ж. № 355 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы құбыр желісі көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша өткізілетін тауарларды кедендiк ресiмдеудiң осы Тәртібі (бұдан әрi - Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы арналы мұнай желісімен, мұнай өнiмдерi желісімен және газ желісімен (бұдан әрi - құбыр желісі көлiгi) және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртібін белгiлейдi.
Осы Ереженiң күшi сондай-ақ тауарларды араласқан әртүрлi көлiк түрлерiмен, солардың бiрi болып табылатын құбыр желісі көлiгiмен тасымалдауға қолданылады.
2. Түтiк желісі көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша тасымалданатын тауарларды кеден ресiмдеу Кеден iсi туралы заңмен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен, сондай-ақ осы Ережеде көзделген тәртiптегi олардың кеден режимдерiне сәйкес жүргiзiледi.
3. Тауарларды кедендiк ресiмдеу тауарлар тұрған орын бойынша кеден органы қызметiнiң аймағында осы үшiн белгiленген орындарда жүргiзiледi. Тауарды тасымалдаушы тұлға кеден органына кедендiк және валюталық бақылауды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi тапсырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) кейбір тауар түрлерiн өткізудiң, бақылау орнының және кедендiк ресiмдеудiң нақты пунктерiн айқындай алады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.